Виллард Виган елден ерек хобби иесі – ол микроскоппен құттай ғана ескерткіштер жасайды.
«Бәрі де 5 жасымнан басталды. Мен ол кезде құмырсқалардың үйі жоқ болғасын оларға қолдан үй жасап беруге тырыстым. Оларға тіпті аяқ киім мен бас киім де жасап бердім» - дейді ағылшындық өнерпаз.
Виллардтың шығармашылық деңгейіне өсуіне оның көзіқарақтылығы мен жүйкесінің беріктігі ықпал етіпті. Ол өзінің микроскульптураларын күріш дәнінен, құм, сахара, нейлон, тозаң қылы, өрмектерден жасайды. Микроминиатюрист қылқаламның орнына шыбын қылын пайдаланады екен. Оның әрбір туындысы 0,005 мм-ден артық болмайды.
Ағылшын Барак Обаманы отбасымен бірге иненің басына «сабақтады». Оның жұмысы әрқандай тақырыптарға бара береді. Мәселен, оның өнері поп-мәдениеттен басталса, кейін әлемдік сәулетшілік өнермен біте қайнасады.
Мүсінші көбіне тарихта жасаған белгілі суретшілер мен тарихи оқиғаларды бейнелейтін жағдайларды иненің ішіне сыйғызып жібереді.
Орташа есепте бір ғана шедеврді жасап бітуі үшін оған 8 аптадай уақыт кетеді екен.
Ол жұмыс барысында өз-өзін тыныштандыру үшін медитациялық әдісте қолданатынын да жасырмаған. 2007 жылы Виган өнер саласныда Уэльс принцінің сыйлығына ие болды. Микроскульптордың туындылары Чарльз, Элтон Джон, Майк Тайсон, сэр Филипп Грин, Саймон Коуэлл секілді атақты адамдардың үйінде қойылыпты.
Оның ең бір биік жетістіктерінің ішінде өзі жазып шыққан – «I Spy with My Little Eye» еңбегі. Мүсінші ешқандай құпиясының жоқтығын айтады. Оның айтуынша, адамды таңғалдырып қоя салу оңай, ал тарихта қалуөте қиын. Сондықтан да жаңашыл болудан қорықпау керек екен.
Шебердің қолынан туған 70-ке жуық туынды 11,2 миллион фунт стерлинг ақшаға сақтандырылыпты.
Ал әлемге танымал жұп Брэд Питт пен Анджелина Джоли де шебердің назарынан тыс қалмапты.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com