Нидерланд аралдарындағы Ежелгі заман мұражайы Рим императоры Гай Юлий Цезарь бет-бейнесінің 3D-реконструкциясын жасады. Голландиялық ғалымдар мұражай коллекциясындағы мәрмәр бюстті үш өлшемді сканерлеуден өткізіп, алынған деректер негізінде императордың бейнесін қалпына келтірді. Бұл мүсін зақымданғаны себепті қолбасшы келбетін толық бере алмайды. Осыған орай, Цезарьдің мұрны мен иегі Тускуладағы бюстінің негізінде жасалды. Антрополог Майя Долосси осыған байланысты: Біз оның келбетін өз қиялымыздан жасамадық. Бұл зерттеу нәтижесі. Оның бас сүйегінің сәл шығыңқы болуын дәрігерлер оның анасының болашақ императорды дүниеге әкелер кезінде қиын толғатқанынының себебі деп бағамдайды, - дейді.