Харизма қағидасы: Қазақстандық ТОП-5 жігіт

Харизма қағидасы: Қазақстандық ТОП-5 жігіт
Фото: voxpopuli.kz, brod.kz

Харизма – адамның сұлулықтан бұрын мінез, болмыс пен адам табиғатының ерекше сипаты. Харизмасы мықты адамдар айналасын өзіне баурап алады. Олардың бойындағы ерекшелікті іздей бастайсыз. Біз Массагет ұжымы еліміздің әншілері мен актерлері арасынан дәл осы харизма арқылы ерекше көзге түскен "Үздік ТОП-5" дайындадық:

(5) Азамат Қабылов

яч

«Айкезбелердің» сүйіктісі, «Moonlight» тобының әншісі Азамат бесінші орынға ілікті. Бос уақытында спортпен қатар, тауға шыққанды жаны сүйетін әнші ән жазумен де айналысады. Топтағы өзге жігіттермен салыстырғанда әлдеқайда салмақты әрі тұйық болғанымен, өзінің қабілетті екенін мойындатты.

(4) Данияр Алшинов 

яч

Эх, Данияр... Соңғы уақытта кинотеатрдағы жарнама плакаттарынан Даниярдың суреті түсер емес. Өйткені, аз уақыттың ішінде бірнеше фильмде бағын сынаған актер халықтың көңілінен шығып үлгерді. Ол тек актерлік шеберлікпен ғана емес, біліммен де ерекшеленеді. Білесіз бе, Данияр «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алған.

(3) Жандос Айбасов 

яч

Жандос халыққа «Бойжеткен мен жас жігіт» (Он и она) фильмі арқылы танымал. Соңғы уақытта өзін тарихи фильмдерде сынап жүрген актердің болашағынан көп үміт күтеміз. Оның ерекше бітімі мен әсем күлкісі адамды өзіне еріксіз баурап алады. Сондықтан да бүгін ол алғашқы үштіктің қатарына енді.

(2) Санұржан Сүлейменов

ыв

Халықтың көз алдында ер жеткен Санұржан енді болмысы салмақты, нағыз ер жігітке тән образдарды сомдай бастады. Әсіресе, ол басты рөді сомдаған «Ана сыйлаған қанат» фильмі халықтың ерекше ықыласына бөленді. Қазақ тілді және орыс тілді аудиторияны бағындыра білген жас актер тізімде 2-орынға ілікті.

(1) Шыңғыс Капин

фйыв

Шыңғыс – кино және театр актері. Әсіресе, оның «Зәуре» сериалындағы рөлі халықтың назарын өзіне аудара алды. Оның бойындағы дарын, талант және ерекше тартымдылық арқылы халықты мойындата білді.

Міне, «ТОП-5» осындай. Сіз не дейсіз, оқырман?

Т. Есқали