«Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің дауыс беруінің үшінші кезеңі басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жылы «халықтың сүйіктілерін» таңдау үш кезеңде өтеді: үміткерлерді іріктеу, әлеуметтік желілерде дауыс беру, ресми сайтта дауыс беру. Жүлденің сайтында дауыс беру 25 қазан күні басталды.
Бұл жолы үміткерлерге дауыс беру ресми сайтта өз пошта мекенжайыңды көрсету арқылы өтеді екен. Сонымен қатар бұл жолы жүлденің статуэткасы бұрынғы «лайк» мүсінінде емес, ерекше, қымбат статуэтка болатынын жүлденің негіздеушісі Ғалым Байтоқ атап өтті.
«Халықтың сүйіктісі» жүлдегерлерін марапаттау салтанатты түрде желтоқсан айында өтеді.
Редакциядан: Естеріңізге сала кетейік, Massaget.kz «Халықтың сүйіктісі – 2014» жүлдесінде «Жалынды интернет басылым» аталымы бойынша бақ сынауда. Осы аталымда дауыс беру үшін мына сілтемеге өтіп дауыс бере аласыздар.
Сурет: lubimec.kz