- Негізгі бет
- Тұлға
- Халық актер Богдан...
Халық актер Богдан Ступканы соңғы сапарға шығарып салды
Бүгін, 24 шілде Киев қаласындағы Иван Франко атындағы Ұлттық Академиялық драма театрында мыңдаған халық театр және кино жұлдызы Богдан Ступканы ақтық сапарға шығарып салуға жиналды. Театр есігінің алдында марқұмның суреті және оған табынушылары әкелген сансыз гүл шоқтары топталып тұр.
Қолдарына гүл ұстаған барлық табынушылар ұлы актермен қимай қоштасуда. Көрнекті тұлғаны ақтық сапарға шығарып салу үшін кәрі де, жас та театр жаққа ағылған. Украинаның өзге де қалаларынан келген табынушылар да сүйікті актерлерімен қоштасуға келген.
Естеріңізге сала кетсек, 71 жастағы актер Богдан Ступка 21 шілде күні таңертең «Феофания» орталық клиникасында өзінің ұзаққа созылған ауруынан көз жұмды.
Ступка – театр мен кино саласына еңбегі сіңген көрнекті украиндық актер. 1991 жылы халық әртісі болған ол 1980 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болған. 2011 жылы Украина қаһарманы атанған. Сонымен қатар ол Украинада Шевченко атындағы Ұлттық сыйлықтың, Мемлекеттік сыйлықтың және К.Станиславсий атындағы халықаралық театр сыйлығының иегері. Ұлы актер Украина Өнер Академиясының академигі.
1970 жылдан бері киноға түсе бастаған. Осы уақытқа дейін көрнекті актер жүздеген киноларда ойнаған.
1991 жылдан 2001 жыға дейін Украинаның Мәдениет және Өнер Министрлігін басқарды.
2001 жылдан өмірінің соңына дейін Иван Франко атындағы Ұлттық Академиялық драма театрында көркемдік жетекші болып қызмет етіп келді. 2009 жылы Киев халықаралық кинофестивалінің төрағасы болды. 2011-2012 жылдары Б.Ступка дәл қазіргі уақытта теледидардан көрсетіліп жүрген ресейлік 4 сериалға да түсіп үлгерген.
Ұлы актердың соңында жары Лариса, ұлы Остап (Франко атындағы театрдың әртісі) және немерелері қалды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: hero.ortv.ru, segodnya.ua, obozrevatel.com, moneyseo.info, tltgorod.ru, gazeta.ru, mn.ru, liveinternet.ru
А. Әбілхан