Бүкіл әлемді аузына қаратқан Голливудты білмейтін жан кемде-кем шығар. Мұндағы жұлдыздардың тапқан табысы, мінген көлігі, өмірі мен шығармашылығындағы өзгерістер кімді болса да қызықтырары анық. Бүгін біз сіздерге өнерде ғана емес, өмірде де қол ұстасқан қос ғашықтардарды, яғни жұлдызды жұптарды ұсынғымыз келіп отыр.
Том Хэнкс пен Рита Уилсон
Бұл жұп 1985 жылы "Өз еркімен келгендер" фильмінің түсірілімінде танысып, араға 3 жыл салып, 1988 жылы үйленеді.
Самуэль Джексон мен ЛаТаня Джексон
Самуэль мен ЛаТаня Джексон колледжде білім алып жүргенде танысқан. Үйленгендеріне биыл 35 жыл толып отыр.
Иман және Дэвид Боуи
Сомалилік фотомодель мен рок жұлдыз 1992 жылы отбасы құрған. Қазір 1 қыздың ата-анасы.
Дженис пен Билли Кристал
Бұл жұлдызды жұп бір-біріне бір көргеннен ғашық болған. Олар 1970 жылы үйленіп, үй болады. Бүгінде бірнеше немере сүйіп отыр.
Сара Джессика Паркер мен Мэтью Бродерик
Бұл қос ғашықты Сараның ағасы таныстырған. Екеуі 1997 жылы отау құрады.
Анетт Беннинг пен Уоррен Битти
Анетт пен Уоррен 1991 жылы "Багси" фильмінің түсірілімінде танысқан. 1 жыл жүріп, 1992 жылы үйленеді. Бүгінде басқаларға үлгі боларлық отбасы.
Труди Стайлер мен Стинг
Бұл жұп үйленбес бұрын 10 жыл бірге тұрған. Сөйтіп, 1992 жылы ғана үйленуге бел байлайды. Бүгінде 4 бала тәрбиелеп отыр.