Нью-Йорктық суретші Дэнни Эванс голливудтық жұлдыздар мен танымал шоу-бизнес өкілдерінің бет-әлпетімен визажист, косметолог, фитнес-жаттықтырушылар мен стилистер жұмыс істемегенде қандай болар еді деп елестетіп көрген екен. Фотошоп арқылы ол Дженифер Лопес, Анжелина Джоли, Дэвид Бекхэм және тағы да басқа танымал адамдарды планетаның қарапайым тұрғыны болса, қандай болар еді деп суреттеп көрген.
Сара Джессика Паркер ойланбастан фазенда ісімен айналыса берсе болады екен. Бұл қалыпта ол тіпті тартымды сияқты.
Дэвид Бекхэм мен Виктория Бекхэм жанұясы қарапайым орта статистикалық отбасы болса, ақжарқын жүзді болар еді. Әлбетте, қыр соңынан қалмайтын паппарациймен күреспейді, жүйкелері тыныш.
Мына түріне қарасақ, Джонни Дэпптен жақсы бір фермер, я жүргізуші шығар еді.
Мына жерде Анджелина Джоли мен Брэд Питт 6 баланы өздері тапқандай.
Рияна қарапайым офис қызметкері сияқты.
Бритни Спирстің мына түріне қарап, "Иә! Дәл осындай болар еді!" дегің келеді.
Том Круз баласымен бейсбол ойнауға бара жатқан қарапайым әкедей.
Дженнифер Лопес базар сатушысынан айнымай қалыпты.
Сурет: ellf.ru, apelzin.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина