Нью-Йоркте өткен Christie's бәссаудасында италиялық суретші Маурицио Каттелана жасаған Адольф Гитлердің тізерлеп тұрған мүсіні 17 миллион АҚШ долларына сатылды.
Бұл туынды Каттелананың жеке рекорды болып отыр. 55 жастағы мүсінші бұған дейінгі мүсіндерінің бірін 7,9 млн долларға сатқан болатын.
Каттелананың туындылары бұған дейін де Польшада бірнеше рет қоғамның наразылығын тудырған. Солардың бірі – 2000 жылы жасалған «Тоғызыншы сағат» мүсіні. Онда Рим папасын метеорит басып қалғаны бейнеленген.
bnews.kz