Француз ғалымдары 1946 жылдан бері алғаш рет Адольф Гитлердің тісіне сараптамалық зерттеу жүргізіп, оның қашан және неден қайтыс болғанын анықтады. Зерттеушілер 2017 жылы Ресей берген Гитлер мүрдесі шынында да Адольфке тиісті екендігін сараптама жұмысынан соң көз жеткізіп отыр. Сараптама Гитлердің 1945 жылдың 30 сәуір күні қайтыс болғанын растады. Біз Гитлер жайлы барлық аңызға нүкте қойғымыз келеді. Ол су асты кемесімен Аргентинаға бармаған. Антарктидадағы құпия базасында немесе айдың көрінбейтін қараңғы бетінде де болмаған, дейді зерттеу тобының жетекшісі Филипп Шарлье. Сонымен бірге, ғалымдар диктатордың бас сүйегіне де зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесі Гитлердің өлімінен бір жыл бұрынғы басының рентгенографиясына толықтай сәйкес келді. Осыған дейін ғалымдар диктатордың өліміне не себеп болғанын анықтай алмаған еді. Гитлердің тіс протездері арасындағы у қалдықтары мен бас сүйегіндегі оқ ізі оның өліміне не себеп болғанын анық көрсетіп беріп отыр.