- Негізгі бет
- Тұлға
- Гиперреализм құдіреті...
Гиперреализм құдіреті
Реалистикалық картиналарымен аты шыққан суретші-данышпандардың қатарында Рубен Беллозо Адорна аталады. Тегі севилиялық өнер иесінің кенеп үстінде пастельмен (жұмсақ қарындаш) салған суреттері ақиқат өмірге бір табан жақын.
Осы бір гиперреалистикалық көркемсуретке майлы бояу жұмсаудың өзі талант шыңы мен сезім құдіретін қажет ететіні анық. Техникалық орындалым өз деңгейінде орындалса ғана, сурет сурет болып қана табылатыны ақиқат. Бірақ, Рубен Беллозо Адорна үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Ол мүмкін еместі тудырады, бір сөзбен айтқанда, келтіреді және фотосуреттей болып көрінетін шедеврлер соған айғақ бола алады.
Рубен Беллозо Адорна 1986 жылы Испанияда дүниеге келген. Севилия университетінде көркемөнер факультетін тәмәмдеп, суретшілікке ден қойған. Жастығына қарамастан, халықараралық деңгейдегі түрлі жарыстардың жеңімапазы атанған. Көрмелерге суреті қойылған тұста оған "ХХI ғасырдың данышпаны" деп ат қойыпты. Бүгінде диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, студенттерге тәлім беруде екен.
Өзге суретші-портретшілер адам кескінін түсіруде түзету енгізіп, сән келтіріп жатар болса, ал Рубен болса табиғи қалыптарында түсіргенді дұрыс көреді.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: pastel-art.livejournal.com