- Негізгі бет
- Тұлға
- Ги де Мопассан:...
Ги де Мопассан: "Мен ешқашан ғашық болмадым!"
Оның жүрегін жаулайтын арулар көп еді... Ги еш уақытта бір қызбен ұзақ сөйлеспеген. Ол бірден бірнеше арудың серігіне айналуды жөн көрген. Француз жазушысы осы ойын бір кейіпкеріне айтқызады: «Барлығы да қатты ұнайтындықтан, мен бір ғана әйелді сүйе алмаймын. Әлемнің бар бақыты құшағымда тұрғандай күй кешу үшін мыңдаған қол, мыңдаған шие еріннің мендік болғанын қалаймын». Жазушының осы сөздерін оқыған жан оны қанағатсыз деп ойлайтын шығар, алайда ол көпті сүю үшін ғана жаралған ерекше тұлға секілді. Мұнымен қатар Мопассан әйел атаулысын актриса, қарапайым, жоғарғы әулеттік, арсыз сынды төрт топқа бөледі. Қыздарды қолғап секілді алмастырғанына қарамастан, басқаларымен де жақсы қарым-қатынаста болған.
Оның достары Гидің Клаудель көшесіндегі №17 үйге барып жеке шығармашылығын бастап, тәуелсіз өмір сүргісі келетіндігін естіген кезде таңқалған еді. Себебі, бұл жерде көше қыздары ғана тұратын. Ол барлық қыздармен де табысты. Оның ең алғашқы «Томпыш» романы да осы жерде жазылған болатын.
Арада біраз уақыт өткен соң «Жүрегім барша аруларды сүю үшін жаралған» дейтін жазушы бір қызға ғашық болады. Оның есімі «Сұр киімді ару» еді. Осы арумен 1884 жылы танысқан. 1891 жылға дейін кездесіп, Канндағы виллада бақытты күндер өткізеді. Жазушының өзін құлай сүйетінін білген ару одан алшақтап көреді. Ал Мопассан оған әрдайым баруға ынтығады.
Ару екеуіне ортақ әдеттер де көп болған. Сұр киген бойжеткен жазушының есірткі мен жиын-тойға деген шексіз құмарлығына көз жұма қараған. Алайда арудың махаббаты қаншалықты шынайы болғаны белгісіз...
Бұған дейін жазылып жүрген мәліметтерде Ги Де Мопассан 1893 жылы мидың жансыздануынан қайтыс болған делінеді, алайда Мопассанның адал көмекшісі Мари-Поль Дебар есімді сұр киімді бойжеткеннің ақынның өліміне себепші болғанын айтады.
Айта кетелік, бүгін ақынның туған күні. Ол осыдан тура 164 жыл бұрын, яғни, 1850 жылдың 5 тамызында дүниеге келді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: stoty.com.ua
Қ. Бүйенбай