Түрік кино өнерінің асыл тасы, миллиондаған көрерменнің көзайымы, актриса Фахрие Эвджен дара дарынымен, көз тоймас көркімен сүйсіндіреді. Ол бізге «Шымшық – сайрағыш құс» («Королек –птичка певчая») фильміндегі Фериде рөлімен, «Күзгі жапырақтар» («Листопад») сериалындағы Неджла рөлімен, «Үйім – сен» («Ты, мой дом») фильміндегі Лейла рөлімен таныс.
Кей қыздардың арманына айналған актер Бурак Өзчивитті де бейжай қалдырмаған Фахрие Эвджен сұлулығының құпиясымен бөлісті.
«Сұлулық құпиясы – жәудіреген көз бен жарқыраған күлкі. Мен күлкімнің тылсым күші барын сезінемін және бұл қаруымды жиі қолданамын. Күлкі – тартымды көрінудің ең қарапайым әрі қолжетімді тәсілі.
Шынтуайтқа келер болсақ, әр әйел заты әдемі көрінуі үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Шашы мен терісі типіне сәйкес космктика қолдануы қажет.
Бірақ жаныңызда жайлылық, жүрегіңізде тыныштық болмаса, жақсы көрінуге ешқандай косметика көмектеспейді. Көзі жарқылдап, нұр шашып тұрмаған қыз өз жасынан үлкен, кәрі көрінеді.
Салауатты өмір салты, жалынды жігер, арынды ақыл – осы үшеуін үйлестіре білген жан көпшілік назарында болары сөзсіз».