- Негізгі бет
- Тұлға
- "Эйр Астана" компаниясын...
"Эйр Астана" компаниясын басқармас бұрын 17 рет қызметін ауыстырған адам
«Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Фостер Питер 1960 жылы 16 шілдеде Ұлыбританияда дүниеге келген. Түрлі қызмет атқарып, нәтижесінде отандық әуе компаниямыздың президенті болып отырған Фостер Питердің сүйікті жары, екі баласы бар. Өзге елдерде жүріп қызмет жасағанды ұнатып, француз, италян тілдерін жетік меңгерген. Дәл қазір орыс тілін үйренуде.
Мансап жолын «John Swire and Sons (HK)» компаниясында басқарушы-өтілгер болудан бастаған. 1982 жылы Кэмбридж университетін тәмамдаған. 1982-1999 жылдар аралығында Гонконгтағы «Cathay Pacific Airways Ltd» әуекомпаниясында менеджер, артынша Азияда, Аустралия мен Еуропада, Францияда INSEAD жұмыс басқару бойынша білім алған. Фостер 1999 жылы «Cathay Pacific Airways» әуекомпаниясынан кетіп, «Philippine Airlines Inc.» сауықтыру тобын басқарады. Нәтижесінде 2002 жылы «Royal Brunei Airlines» әуе компаниясында атқарушы директор болады. 2005 жылдан бастап «Эйр Астана» компаниясын басқарады.
Фостер Питердің мансап жолы:
1982 жылы – Кэмбридж университетінде тарихқа қатысты өнер магистранты
1990 жылы мамыр-маусым аралығында – Францияда INSEAD, Свайр бизнес менеджмент курсында оқиды
1983 жылы – орындаушы менеджердің көмекшісі
1984 жылы қаңтар-маусым – өтімді бағыттау менеджерінің көмекшісі
1984-1985 – Индонезия мемлекеті менеджерінің көмекшісі
1985-1988 – Малайзия мемлекетінің менеджері
1988 жылы ақпан-желтоқсан – Гонконгтағы «Cargo» маркетингі бас кеңсесінің менеджері
1991-1993 – Филипин елінің менеджері
1994-1995 – Италия мен Швейцария елдерінің менеджері
1995-1998 – Еуропа аймағының менеджері
1998 тамыз-желтоқсан – Тайвань және Филиппин аймағының менеджері
1982-1999 – Свай тобының басқарушы мүшесі
1999 қаңтар-тамыз – Филиппин әуе компания басшысының бас кеңесшісі
2000-2001 - Qatar Airways компаниясының коммерциялық төрағасы
2001 қыркүйек-желтоқсан – Италия ұлттық әуе компаниясының коммерциялық төрағасы
2001-2002 – Airvia Italia SPA бас төрағасы әрі ұйымдастырушысы
2002-2006 – Бруней Royal әуе желісінің атқарушы директоры
2006 – «Эйр Астана» компаниясының президенті
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: aininline.com, "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметі
Қ. Бүйенбай