Альберт Эйнштейннің пәлсапасы мен тұжырымдамасы жазылған қолжазбасы аукцион басталғаннан кейін 10 минуттың ішінде 3 000 000 долларға дейін көтеріліп кетті.
Хат 1954 жылы 3 қаңтарында неміс философы, Пристон университетінің академигі, атақты физик Эрик Гуткиндке қарата жазылған. Неміс тілінде жазылған хатта Эйнштейн дін туралы көзқарасы мен тұжырымдамаларын келтірген екен. Хатты ХХІ ғасырдың ғұламасы өмірінің соңғы жылында жазғаны белгілі болды.
Ал Гуткинд өз кезегінде Эйнштейннің тұжырымдамасын 1953 жылы жарық көрген еңбегінде пайдаланған.
Хат бұдан бұрын 2008 жылы 404 000 мың долларға өтіп кеткен болатын. Ал ендігіде бұл сома жеті есеге дейін көтерілген. Бір қызығы, 3 миллион доллар соманы қазірше ұстап тұрған азамат өзінің аты-жөнін айтудан сақтанып отыр.
Аукцион 18 қазанға дейін жалғаспақ.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: chess.com