Ғаламның көп бөлігі Альберт Эйнштейнді ғұлама ғалым ретінде қабылдайды. Мұндай ой оның ақыл-парасаттылығының жоғарылығының арқасында қалыптасқан.
Өмірінің барлығын физика іліміне арнаған ерекше жан көп адамның көзіне қарпайымдылығымен қалды. Әрбір уақытта ойланып жаңа дүниені ашуға құлшынып жүретін ғалым өзінің сүйкімді қалпында мәңгі адамзат баласының жадында қалды. Десек те, бұл дүниеге келген әрбір пенде қатардағы жұрт секілді ойнап-күліп жүретінін де естен шығармайық. Бір сөзбен айтқанда Эйнштейн өзі туралы қалыптасқан қағиданы бұзуға талпынған.
1952 жылы 14 наурыз күні Альберт Эйнштейн өзінің жетпіс екі жасында естелік суретке түсуге фотографты үйіне шақырған. Отбасымен суретке түсу кезінде әлгі фотошебердің ғалымға өзін салмақты ұстауды өтінген. Қайткенмен де ұлы адамның имиджін дұрыс сақтау мақсатында. Алайда, "ашулы ғұлама" деген стереотипті бұзу үшін тілін шығарып тұра салған. Ол уақытта қазіргідей бір көріп өшіру деген болмағандықтан, сурет солай кетіп қалған. Эйнштейннің өзіне бұл фото ұнамаған. Бірақ, жақындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтау үшін осы бір қызықты фотоға естелік тілек жазып жіберген. Әлем бойыншы осы бір ғажап суреттің 9 ғана түпнұсқа күйіндегі данасы бар. Соның біреуі 2009 жылы 74000 долларға сатылған.