- Негізгі бет
- Тұлға
- Епсіз тонаушылар...
Епсіз тонаушылар
1994 жылы Чак Норрис техасстық рейнджер жайлы танымал сериалдың түсірілімінен шығып, Далластың көшелерімен серуендеп қайтуды жөн көреді. Тар көшелердің бірінде оған екі жігіт жақындап келеді. Автограф сұрайтын шығар деп Чак тоқтап, жымияды. Жігіттер одан бетер жақындап, біреуі пышағын шығарып, Чактан тез арада әмиянын беруді талап етеді. Аң-таң болған Чак: «Естеріңнен адастыңдар ма?» деп сұрайды, олар: «Біз сенің кім екеніңді білеміз және ақшаң бар екенін де білеміз! Әмияныңды бер немесе өлесің!» деп жауап қатқан.
Енді кішігірім шегініс жасайық. Чак Норрис мықты кейіпкерлерді сомдап қана қоймай, әртүрлі жекпе-жек түрлерінен бірнеше белбеу иегері. Олардың ішінде:
Бразилиялық джиу-джитсудан бірінші дан (бұдан биік сэнсэй ғана);
Таэквондодан сегізінші дан (шебер, барлығы 9 дан);
Джит Кун-додан тоғызыншы дан (Брюс Лидің жетекшілігімен);
Шито-Рю Карате-додан оныншы дан;
Танг Су Дудан оныншы дан;
Чан Кук Додан он бірінші дан;
Егер тонаушылардың қолында пистолет болып және олар Чактан бірнеше метр алыста тұрғанда, тонауға мүмкіндіктері бар еді. Бірақ олар пышақпен нұқып, тым жақын тұрған... Төрт минуттан соң келген полиция қызметкерлері қолдары сынған епсіз екі қарақшы мен әдеттегі джинсы мен қалпағын киген Чак Норристі көреді. Тонаушылар өздерін ақтап алу үшін Чактың телеэкрандағы төбелестері өтірік деп ойлағандарын айтқан екен.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina