Кез келген адам білім алу арқылы жетістікке жетеді. Себебі білім ақ пен қараны ажыратуға, жақсы мен жаманды сезінуге, білікті әрі беделді болуға бастайтын бірден – бір жол. Мектеп қабырғасында жүріп «бестік» бағамен оқу арқылы сіз озат, белсенді, абыройлы бола аласыз. Бірақ ол бағаны алмай да, мектептің үздігі болмаса да, өмірлік тәжірибе арқылы ұлы атанған тұлғалар қаншама?!
Ең ұлы нашар оқушылар деген кімдер?
Черчилль бала күнінде мектепке барғысы келмеген. Бір сөзбен айтқанда оқуға құлқы болмаған. Тіпті ұстаздары бұл баладан ештеңе шықпайды деп, оның бұл әрекетін мәдениетсіздік сынаған. Ата-анасының айтуымен мектепке барса да, сабаққа қатысу үлгерімі өте төмен болған. Бірақ екімен оқыса да, Черчилльді бүкіл әлем таниды. Ол әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алған тұлға. Өз сөзінде: «Мектеп – білім беретін негізгі орта емес» дейді.
Орыстың әдебиетіне зор төңкеріс алып келген В.Маяковский де мектептің есігінен сығалап қана жүрген. Алған бағасы бірыңғай екілік болған. Бірақ оны бүгінде бүкіл орыс халқы ғана емес, әлем таниды.
Сабақ оқу үлгерімі нашар Ричард Брэносонан мультимиллионер шығады деп ешкім ойлаған емес. Жақын тану үшін Virgin Group компаниясының негізін қалаушы деп те атауға болады. Бір қызығы Р.Брэнсон мектепте екі сөздің басын қосып жаза да, айта да алмаған.
Басына алма құлағанға дейін Ньютон мектептегі, сыныптағы ең нашар оқушы болған. Тек досымен болған арадағы қақтығыс кезінде таяқ жеп қалған Ньютон есесін біліммен алу үшін оқыған. Осы намыстың арқасында оның физикадағы ашқан жаңалығы әлемді әлі күнге дейін таң қалдырып келеді.
Ең ұлы, ең мықты қолбасшы, соғыс амалын жетік меңгерген, әлемді жаулау арқылы тарихта есімі алтын әріппен жазылып қалған Наполеон мектепте барлық сабақты нашар оқыған. Тек есепке жаны құмар болыпты.