«Мисс Қазақстан» титулының ең табысты иегерлерінің рейтингі құрылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Мисс Қазақстан»-ның бас директоры Алена Ривлинаның айтуынша, 15 жыл ішіндегі «Мисс Қазақстан» конкурсының жеңімпаздары арасынан біреуін бөліп шығару өте қиын. Ривлина халықаралық конкурстардағы жетістіктері сонымен қатар, жеңістен кейінгі мансабтары ең табысты саналатын үш қызды атап өтті.
Бәрінің ішінен «Мисс Мира» конкурсында жеңіске жетуге өте жақын болған алматылық Маргарита Кравцова болды. 2000 жылы Ұлыбританияда Қазақстан атынан шыққан ол 130 қатысушының ішінен төртінші орынды иеленген болатын. Сондай-ақ, 2001 жылы Маргарита «Жер Вице-Миссі» титулын иемденді.
Маргарита Кравцова
Бүгінде Кравцова өз мансабын тек модель ретінде ғана емес, сонымен бірге тележүргізуші, актриса ретінде де жалғасытыруда. Ол қазақстандық «Олимпиада грабителей» фильміне түскен. Италиядық Selective Professional сән үйінің бренді болды және де «Жұлдызды би шашуы» думанына қатысқушысы.
Жанна Жұмалиева
Табысты модель саналатын және «Мисс Қазақстан-2010» титулының иегері атанған қазақтың тағы бір қызы - оралдық Жанна Жұмалиева. Бұл қыз әлемнің ең сұлу қыздарының ондығына енген. «Ең үздік топ-модель» титулының жеңімпазы. 25 жастағы Жанна бүгінде Мәскеуде білім алуда. Ол Тиматидің «Одноклассница» және Николай Басковтың «Права любовь атты клиптерінің түсіріліміне қатысқан. Жанна әлемдегі ірі мода көрсетілімдерінде модель ретінде подиумға шыққан.
Дина Нұралиева
Шымкенттік «Мисс Қазақстан» Дина Нұралиеваның да жетістіктерін айта кеткен жөн. 2009 жылы Йоханнесбургте Нұралиева 112 конкурсант қызды басып озып, 7 финалисттің қатарынан көрінген болатын. Қазір Шымкенттегі модель агенттігінің директоры қызметінде. Және де өз қаласындағы «Мисс Қазақстанның» аймақтық өкілі.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: yvision.kz