Екімен оқыған жұлдыздар

1 қыркүйек күні оқушылар партаға, ал студенттер дәріс аудиторияларында қайтадан өз орындарына жайғасады. Және солардың арасынан болашақ Джонни Депп пен Николь Кидман да шығуы әдбен мүмкін. Айтпақшы, голливуд жұлдыздарының арасында да қарапайым оқушылар мен студенттер арасындағы секілді өзінің үздіктері мен оқымыстылары және екіліктері мен сабаққа жиі келе бермейтіндері болған екен.

Жаңа оқу жылының басталуына орай жұлдыздардың қайсысы мектепке көп келмегенін, ал кім Гарвард университетінің түлегі атанғанын білуді ұсынамыз.

Жұлдызды "двоечниктер"

Аль Пачино


Альфредр Джеймс Пачино – ең үздік еркек рөлі үшін «Оскар» сыйлығының иегері «жұлдызды двоечниктер» тізімін ашады. Аталған актерге оқу қиынға соққан екен – сабаққа ұзаққа созылғанда ол одан зерігіп, сабақ уақытын бейсбол ойнайтын алаңда өткізетін болған. Сәйкесінше, өзінің жетістіктері үшін жоғары бағаға ие бола алмаған. Қолынан келетін жалғыз нәрсе  - қойылымдарға қатысу ғана болыпты. Айта кетсек, ол орта мектепте ұзақ оқымаған – ақырында театр мектебіне ауысыпты. Бірақ, Нью-Йорк драмалық өнер мектебін де әлемдік кинематографтың болашақ жұлдызы уақыт өте тастауға мәжбүр болған. Ол ағылшын тілінен біршама жақсы бағаға ие болса, қалған пәндер оған қиынға соққан және 17 жасында Аль Пачино білім алудан үмітін үзіп, жұмыс істеуді бастап кеткен.

Анджелина Джоли


Атақты актриса Анджелина Джоли да оқуда айтарлықтай жетістікке жете қоймаған. Джоли әрдайым сыныптастары тарапынан келбетіне қатысты орынсыз әзілдерге душар болған. Сондықтан мектепте жүру ол үшін айтарлықтай ләззат әкелмеген көрінеді. Джоли алған бағалар да айтарлықтай болмаған. Сонымен қатар, бала кезінде актриса біртүрлі көрінген – ол жерлеу бюросында қызмет атқаруды армандапты, қара киім киіп, жиі ағат қылықтар жасайтын болған.

Джим Керри


Канада-американдық комик әрі актер Джим Керри әрқашан жақсы оқуға тырысыпты. Бірақ, өкінішке орай, оның оқу процесіне өмірлік жағдайлар кедергі болған. Актердің жанұясы бірнеше рет қоныс аударған сондықтан ол жиі мектеп ауыстырған екен. Сонымен қатар, отбасы ақшаға мұқтаж болған және болашақ актерге күн көру үшін жұмыс істеуге тура келген. Нәтижесінде «білім теңізінде жүзуге» күші де уақыты болмаған көрінеді. Джим Керри бір сыныптан келесі сыныпқа зорға ауысатын болған, ал 10-сыныпта ол қатарынан үш жыл өткізген. Ақырында мектепті сол күйі тәмамдай алмай кеткен.

Сильвестр Сталлоне


Голливудтың ең батыл да батыр актерлерінің бірі Сильвестр Сталлоне әзер дегенде мектепті бітіріпті. Мектеп қабырғасында актердің тәртібі жақсы де келмеген. Шешесінің босану кезінде қиындықтарынан Сталлоненің бет жүйкелері зақымданған болып шыққан. Соның салдарынан сыныптастары әрдайым оны келекетіп, тиісетін болған. Сильвестр тәртібіне байланысты қиын жасөспірімдерге арналған мектепте білім алыпты. Бірақ Сталлоне мектеп бітіргеннен соң Швейцарияның американдық колледжі мен Майами Университетінде оқуын жалғастырған, тіпті бакалавриат деңгейіне де қол жеткізген.

Микки Рурк


Микки Рурктың балалық шағы қиын болған. Оның әке-шешесі ерте айырылысып кетіпті, сосын шешесі қайта тұрмыс құрыпты. Шешесінің жұбайымен Микки қарым-қатынас құра алмапты бұған қоса, бала көп уақытты жақсы дейтіндей ортада өткізбеген көрінеді. Мектепте де айтарлықтай нәтиже болмаған – ол өте нашар оқыған. Жақсы бағаға алатын жалғыз пән дене шынықтыру ғана болыпты. Айта кетсек, мектеп кезінде Микки бейсболдан мектеп құрамасы сапында болған екен.

Жұлдызды "үздіктер"

Мерил Стрип


Актриса Голливудтың ең білімді жұлдыздары қатарына кіреді. Мектепте оқуы айтарлықтай жақсы болмаған. Осылай ол 12 жасқа дейін жексенбілік мектептің оқушысы болыпты, бірақ ол жақтан тәртіпсіздігі үшін шығарылған екен.  Дей тұрғанмен, кейінірек Мерил «драма» мамандығы бойынша Вассар колледжінде бакалавриат деңгейін алып шығады. Бұдан бөлек, Йель университетінің драма мектебінде білім алыпты. Аталған оқу орнын тәмамдағаннан соң Стрип бейнелеу өнері бойынша магистр атанған.

Хью Грант


Басқа актерлерге қарағанда, оның ерте жасынан ең жақсы білім алуға мүмкіндігі болған. Ол Ұлыбританияның ең мықты мектептерінде білім алған және айтарлықтай сәтті болады. Сонымен қатар, Грант Оксфордтегі New College-ге қабылданып, диплом алып шыққан. Өзінің актер болғысы келетін түсінбей тұрып, ол өнертанушы болуды армандапты. Дәл осы үшін ол Оксфордте кейінірек Лондондағы Courtault Institute-тің Өнер тарихы бөлімінде білім алса керек. Алайда осы салада өз білімін актер сол күйі қолдана алмай кетті. Өзінің өмірлік мақсаты киномансап екенін түсінген ол, фильмдерге түсе бастайды.

Натали Портман


Натали Портманның білім алуға деген құштарлығы соншалық оқу үшін ол барлық түсірілімдерден бас тартқан екен. Танымал актриса бола тұра, ол Гарвард университетіне түсіп, психология мамандығы бойынша диплом алып шыққан. Ал мектепте оқыған кезінде Intel компаниясының жарысына да қатысып үлгерген. Портман «Сутектің ферментативті өнімі» еңбегінің соавторы болған. Сонымен қатар, жапон, араб және неміс тілдерін меңгерумен айналысқан.

Джоди Фостер


Шетел тілдерінің тағы бір маманы – Джоди Фостер. Американдық акриса француз тілінде еркін сөйлей алады. Ол аталған тілді Lycee Francais de Los Angeles жеке мектебнде меңгеріпті. Сонымен бірге, ол итальян тілін де меңгерген және кішкене испан мен неміс тілдерін де біледі. Айта кетсек, Фостер тіпті кейбір фильмдерді француз тіліне дубляждапты. Джоди Фостер «Әдебиеттану» мамандығы бойынша Йель университетін қызыл дипломмен бітірген. Шын мәнісінде есімі Алисия Кристиан болатын актриса өте жоғары интеллекттің иесі – оның IQ-і 132-ге тең.

Дэвид Духовны


Мінсіз оқушы мен студент үлгісі ретінде «Секретные материалы» фильміне түскен Дэвид Духовныды айтуға болады.  Ол жақсы баға алып қана қоймай, өз білімін ЖОО-да жетілдірген. Духовны Принстон университетінің педагогика факультетінің студенті болған және оқуының ақшасын өзі төлеген екен. Болашақ жұлдыз жазушы болуды арман етіпті, бірақ университет ақшасын төлеу үшін бармен мен қарауыл болып жұмыс істеуге мәжбүр болған. Дэвид Духовны мұнымен тоқтап қалмаған – ол ағылшын әдебиетінің аспиранты мен магистр болған. Айта кетсек, актер егер «Магия және заманауи поэзия мен прозадағы технология» тақырыбына диссертация қорғағанда философия докторы деңгейін алуы мүмкін еді. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sbblog.ru, moimir.org, rg.ru