Оруэллдың "Мал ауласы" (Скотный двор) және "1984" атты атақты антиутопиялары ХХ ғасырда жазылды. Оның тоталитарлы басқару жүйесі туралы қорқынышы шындыққа айналмаса да, кейбір қиялы бүгіннің келбетіне сәйкес келеді. Массагет порталы Джордж Оруэллдің кітабында кездескен нақыл сөздерді ұсынады.
Еркіндік – екі жердегі екінің жауабы төрт екенін айту құқығының болуы. Бұған рұқсат болса, қалғаны осыдан бастау алады.
Кім өткенді басқара алса, сол болашақты да басқарады. Ал бүгінді басқарған адам, өткенді басқаруға қауқарлы.
Болашақтың бейнесі керек болса, адам бетін үздіксіз теуіп тұрған етікті елестетіңіз.
Билік құрал емес, ол – мақсат. Диктатураны революцияны бақылау үшін құрмайды, адамдар диктатураны құрау үшін революция жасайды.
Кез келген қоғамда қарапайым адамдар қалыптасқан ережелерге қарсы өмір сүруі шарт.
Ең жақсы кітаптар онсыз да білетін нәрсе туралы айтады.
Дүркін жұрт өздігінен көтерілмейді және ешқашан қанау көргендіктен көтіріліс жасамайды. Көп жағдайда олар өздерінің биліктен қанау көргенін ұқпайды. Оны тек өзгелермен салыстыруға мүмкіндік туғанда ғана түсінеді.
Адамдардың басым бөлігі жат мекенде тек сол аймақтың жергілікті тұрғынын жек көру арқылы ғана өзін еркін сезінеді.
Болған оқиғаны жан-жақты білетін адам әлемді сол күйінде қабылдауға қауқарсыз. Қысқасы: қаншалықты түсінік көбейген сайын, соғұрлым құр сағыммен өмір сүреді. Қаншалықты ақылды болған сайын, соншалықты естен адасу оңай.
Жалпыға ортақ өтірік арасына шындық қосу – экстремизм.
Үкімет айтқан өтірікті жұрт қабылдап, барлық құжат, деректе сол туралы жазылса, өтірік тарих бетіне жазылып, болашақ үшін шындыққа айналады.
Иерархиялық қоғам кедейшілік пен надандық негізінде құрылады.
Көз алдыңыздағы оқиғаны көру үшін сізге тайсалмай күресу керек.
Бақытты болу мақсат болудан қалғанда ғана адамдар бақытты болады.