Бүкіл әлемдегі ағылшын тілді адамдардың негізгі тілдік құрамын көрсететін Үлкен Оксфорд сөздігі жуырда 700 жаңа дәйексөзге толықты. Соның ішінде Стив Джобс айтқаны да бар.
ҮОС немесе басқаша Мюррей сөздігі деп аталатын еңбек 1857 жылы қалыптасып, барлық ағылшын тілді сөзді жинақтаған болатын. Ол одан бөлек бірнеше миллиондаған белгілі дәйексөздерді де қамтиды.
"Мен үшін әскери-теңіз флотына енгенше, қарақшы болған дұрыс", - деп айтқан Стив Джобстың дәйексөзі Үлкен Оксфорд сөздігіне енді.
Ол өзінің әйгілі сөзін дербес компьютерлер туралы пайымды өзгертіп жіберген Macintosh өнімінің шығуына екі жыл қалғанда, нақтырақ айтсақ, 1982 жылы айтқан болатын.
Стивтің айтқан сөзінен бөлек сөздікке әлеуметтік желілерде атышулы жазбаларға ие Леди Гаганың да сөздері еніпті.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.thetimes.co.uk