Джейсон Стэтхем: "Мен қыздармен төбелеспеймін"

Джейсон Стэтхем: "Мен қыздармен төбелеспеймін"

Әлемге белгілі «Уикипедия» атты интернет-энциклопедия өткен жылы ең көп ізделген актерді анықтады. Олар Джонни Деп пен Джейсон Стэтхем екен. Кезекті материалымызда өздеріңіз боевик жанрындағы фильмдерден көріп жүрген, 47 жастағы актер Джейсон Стэтхем сұхбатының аудармасын ұсынамыз.

- Саған боевик жанрының қаһарманы болған ұнай ма?

- Меніңше, ода тұрған еш нәрсе жоқ. Бұл жақсы. Аталған атаққа ие болудың өзі еріксіз күлдіреді екен. Бірақ түсірілім барысында түрлі қимыл-қозғалыс жасап, соғыс өнерін көрсетіп қалсам, жұрт бірден солай атай бастайды. Мен мұны қалаған жоқпын, тек өзіме ғана тән фильм түсірдім. Гаем Ричимен бірге түсірген фильмім мүлдем өзгеше. Жұрттар жақсы көретін экшн жанрындағы фильмді емес, өзіме ұнағанын түсіремін.


- Кори Йен сіздің мүмкіндіктеріңізді бағалады. Оның алдында өнеріңізді танытуға өзіңіз меңгерген соғыс тәсілі көмектесті ме?

- Ия, соғыс өнерін меңгерудің пайдасы зор. Ал Кори экшн фильмдерді мықты түсіретін режиссер. Тәжірибе бар жерде әркез оңай. Төбелес кезінде қиындық болды деп айта алмаймын. Әр күннің соңында Кори жаңа бір дүние ойлап тауып отырды. Бірінші «Тасымалдаушы» фильмінде автобустағы төбелес көрсетілсе, екіншісінде өрт сөндіретін шлангіні пайдаландық.

- Сіздің «Тасымалдаушы» фильміндегі төбелесіңіз Джеки Чандікіне қатты ұқсайды. Осылайша оған деген құрметіңізді көрсетесіз бе?

- Бұл әдейі жасалған жоқ. Не де болса, бұлай болғанына қуаныштымын. Джеки Чан соғыс өнерінің шебері, оның фильмдерін сүйіп қараймын. Дәл солай Джет Лиді де құрметтеймін. Мұның барлығы Кори Йеннің ісі деп қана айта аламын.


- Әр фильміңізді көрген сайын сіздің мықты болып бара жатқаныңызды байқаймыз. Ары қарай не болады екен?

- Ия. Менің ең сүйікті фильмдерім боевик жанрында түсірілген. Ал ең таңдаулысы Брюс Ли ойнайтындары. Олардың рейтінгісі де жоғары. Менің ойымша, зорлық-зомбылық өмірде қалай көрініс тапса, фильмге де солай көшірілуі тиіс. Мысалы, «Тасымалдаушы» пен Мартин Скорсезенің «Казиносы» жер мен көктей. Бірақ соңына дейін мықты болғым келетіндігін мойындаймын.  

- Америка фильмдеріне жаңалық енгіздім деп ойлайсыз ба?

- Менің сүйікті экшн фильмдерімнің кейбірі АҚШ-да түсірілді. Мысалы, «Қатты жаңғақ». Сондықтан біз бұрын-соңды Францияда болса да, Америкада жоқ дүниені енгізуге тырыстық.


- Түсірілім барысында ыстық ауа райы кедергі жасамады ма?

- Ой. 40ºС ыстықта үстіңе қара костюм-шалбар киіп алып жүгіру оңай емес.

- Ламборгини жақсы ма, әлде Ауди?

- Бұл не үшін керектігіне байланысты. Егер жылдамдықты сүйсеңіз, Ламборгиниді таңдаңыз. Ал егер отбасылық саяхатқа шығып, жайлылықты ұнатсаңыз, Аудиді алыңыз.

 

- Қандай жағдайда қыз баласына қол жұмсайтын едіңіз?

- Мен қыздармен төбелескенді ұнатпаймын. Бірақ «Тасымалдаушы» фильмінің екінші бөлімінде ол маған шабуыл жасады, мен тек қорғандым.

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай