- Негізгі бет
- Тұлға
- Джеймс Бондқа 50...
Джеймс Бондқа 50 жыл!
Жарты ғасыр бұрын көгілдір экранға аты аңызға айналған 007 агенті туралы кинофильм шыққан еді. 1962 жылы Альберт Р. Брокколи және Гари Зальцмандар Ян Флемингтің «Ноу Доктор» романын үлкен экранға әкелді. Кино тарихында Джеймс Бонд туралы фильмдер жетерлік. Барлығын қосқанда 23 кинофильмді құрайды. Британ барлаушылыры жөніндегі соңғы кино «007 Скайфолл Координаттары» деп аталады. Бұл жаңа кинофильм көрсетілімге 26 қазаннан бастап шығады. Фильмде басты рөлді тағы да Дэниел Крейг сомдайды.
АҚШ-та Халықаралық Джеймс Бондтың күнін атап өту мақсатымен Нью-Йорк қаласындағы қазіргі заманғы өнер мұражайында өткенді бір шолу деген атпен және Лос-Анджелесте Бонд түні деген атпен ән кеші өтеді. Ал Англия жұртшылығы Джеймс Бондтың заттарын аукционнан сатып ала алады. Өйткені жергілікті ұйымдастырушы билік оның пайдаланған заттарын аукционға шығару арқылы қайырымдылық шарасын жасамақ. Ал Бельгия мен Юар жұмыскерлері кеңсеге смокинг пен кештің сәнді көйлектерін киіп бармақ. Австралия, Бельгия, Франция, Нидерланды, Үндістан, Жапония, Латвия, Мексика және Ресейде "Бәрі немесе ештеңе: 007-нің белгісіз тарихы" деген атпен көрсетілім жарыққа шығады.
Атақты күннің құрметіне бүгін біз сіздерге Бондтың рөлін сомдаған актерлерді ұсынбақпыз. Бондтардың арасынан өзіңіздің сүйікті Бондыңыздың есімін атаңыз!
Шон Коннери
Дэниел Крейг
Джордж Лэзенби
Роджер Мур
Тимоти Далтон
Пирс Броснан
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: cosmo.com.ua
А. Әбілхан