- Негізгі бет
- Тұлға
- Джей Ло байланыста...
Джей Ло байланыста
Дженнифер Лопес Viva Movil ұялы байланыс желілерін ашпақшы.
Әнші жаңа бизнесті отандастарына арнамақшы екен. Өз сөзіне сенсек, аталған жобаның басты мақсаты АҚШ-та өмір сүріп жатқан оңтүстік америкалықтарға бағытталмақ. Алғашқы дүкені осы жылдың маусым айының ортасында Нью-Йоркте пайда болмақ. Ал 2013 жылдың соңына дейін бизнес-ханшайымы тағы да 15-ке жуық салонды Штат аумағында ашып тастайтына сенімді.
Қызық болып тұрғаны, Viva Movil жобасы Джей Лоның бұрынырықтағы бизнес-жобаларын басып оза алар ма екен?
Естеріңізге сала отырсақ, бүгінгі таңда танымал әншінің иелігіне кинокомпания, сән, парфюмер брендтері, және де кубиндік мейрамханалар кіреді.
сурет:tech.onliner.by
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига