- Негізгі бет
- Тұлға
- Джеки Чанды мүгедек...
Джеки Чанды мүгедек ете жаздаған кинофильмдер
Кино саласы үшін жанын беруге әзір адам деп Джеки Чанды айтуға әбден болады. Ол жетіге келгенше жерден таяқ жеді. Бұл ғана емес! Ол киноға басын сұққалы жүз рет өнерден таяқ жеді. Нағыз өнер құрбандықты талап етеді. Кинофильмдердің талай түсірілімінен мүгедек боп қала жаздап жүріп, ол талай белесті бағындырды. Денсаулығына ауыз толтырып айтарлықтай зияны бар талай қадамға барды. Талай түсірілімнен соң о дүниелік болып кете жаздады. Сонда да ол өнерден алыс кете алмады. Өзін өнер алдында құрбандыққа шалуға дайын Джекидің есімі кино саласында алтын әріптермен жазылар сөзсіз.
Ол ешкімді қайталамайды және оны қайталайтын адам әлі туылмады да. Ол кино жолында жанын пида етуге даяр. Сіздер Джекидің киноға түсу кезінде қаншама рет мерт бола жаздағынан хабарсыз шығарсыздар. Өйткені біз дайын өнімді ғана көреміз де, жылы жауып қоя саламыз. Ал камераның арғы жағында Джекидің талай қаны төгіліп, жаны шыға жаздады.
Барынша көріністің шынайы шығуы үшін бәрін тәуекел етті. Тау мен тасты да, биік-биік ғимаратты да шарлап, табаны жерге тимей өнер көрсетті. Бүгін біз сіздерге Джекидің өнер жолында алған барлық жарақаттарын жария етпекпіз.
«Рука смерти»/1976 ж. — каскадерлермен бірге жаттығып жатқанда, басымен қатты соққы алып есін жоғалтып алды.
«Змея в тени орла»/1978 ж. — Хванг Джанг Ли байқаусызда Джекидің бір тісін сындырып алды. Төбелес көрінісінің түсірілімі жүріп жатқанда Джекидің қолына өткір қылыш тиіп кетті. Бұл көріністі алмастыруға қарапайым ұстараның жүзі қолданылуы керек еді. Қылыштың тиген жерінен қан атқылап ағып, Джекидің жан даусы шықты. Режисер осы оқиғаны сәтті пайдаланып, оның жан қиналысын лентаға түсіріп үлгеру үшін түсірілімді тоқтатпады. Фильмде біз нағыз қанды байқайтынымыз содан.
«Искусства Шаолиня: Змея и Журавль»/1978 ж. — қолы қатты кесіліп кетті.
«Волшебные телохранители»/1978 ж. — ортан жілігі сынған.
«Пьяный мастер»/1978 ж. — столдан құлап кетіп, қасы мен көзінің айналасын бұзып алды. Осы үшін көзіне пластикалық ота жасатты.
«Кулак Дракона»/1979 ж. — мұрны бұзылды.
«Молодой мастер»/1980 ж. — мұрны сынып, ауа жетпегендіктен тыныс ала алмай қалды.
«Лорд Дракон»/1982 ж. — каскадерлермен бірге пирамидадан құлап келе жатқанда басының артқы жағынан салмақты жарақат алды. Иегі бұзылып, жағының төменгі жағы сынды.
«Проект А»/1983 ж. — сағат мұнарадан құлап келе жатып омыртқасына зиян келтіріп, тамағын құртты. Мұрны мен қолының саусақтары сынды.
«Покровитель»/1985 ж. — саусақ сүйектері мен сол қолының иық тұсы сынды.
«Полицейская история»/1985 ж. — гүлдер тізілген бағаналармен сырғанап келе жатқанда 6-8 кеуде омыртқалары мен жамбасына зақым келіп, мүгедек болып қала жаздады. Екінші қабаттан құлағанда да жарақатсыз қалмады. Өзіне қарай ұшып келген орындық оның желке тұсын зақымдады.
«Доспехи Бога»/1986 ж. — қамалдың қабырғасынан ағашқа қарғып секіру керек болып, тастың үстіне құлап түсті. Нәтижесінде басына зақым келді. Бастың негізгі бөлігі жарақат алып, миға қан кетті. Сондықтан оның оң құлағы сол құлағына қарағанда нашар естиді. Бұл Джеки Чанды арғы өмірге сүйреп кете жаздаған өте салмақты жарақаты болды.
«Драконы навсегда»/1987 ж. — сирағына зақым келді.
«Полицейская история 2»/1987 ж. — қозғалып бара жатқан автобустың терезесінен сыртқа қарғып түскен ол беті мен басын тіліп алды. Жанып тұрған фабрикадан қашып келе жатқанда беті күйіп қалды.
«Чудеса»/1989 ж. — рикша арбасы арқылы домалап келе жатқанда сол көзі кесіліп кетті.
«Доспехи Бога 2»/1991 ж. — биіктен секірген кезде аяғы темір шынжырға оралып қалды. Нәтижесінде жамбас буыны шығып кетті. Шынжырдан жерге құлағанда кеуде тұсына зақым келіп, иығы мен белі жарақаттанды.
«Близнецы Драконы»/1992 ж. — басы жарақаттанды.
«Полицейская История 3»/1992 ж. — дәл үсітнен өтіп бара жатқан тікұшақтан қорғана алмай бет сүйегі жарақаттанды. Нәтижесінде белі мен иығына зақым келді.
«Городской Охотник»/1992 ж. — скейтбордте сырғанап келе жатып құлап түсті де, тізе буыны мен аяғының көтерілетін тұсына зақым келтірді.
«Криминальная история»/1993 ж. — екі автокөліктен бір-біріне секіремін деп екеуінің арасында қысылып қалып кетті. Нәтижесінде екі аяғы да сынды.
«Пьяный мастер 2»/1994 ж. — жанып жатқан қабырғалар арасында соңғы көріністі түсіріп жатқанда қолы қатты күйіп қалды.
«Громобой» /1995 ж. — бел сүйектері жараққаттанды.
«Разборка в Бронксе»/1995 ж. — көпірден қайыққа (жұмсақ жастық) секіргенде бел сүйектері мен сирағы шытынап, сол аяғының тобығын сындырып алды.
«Первый удар»/1996 ж. — бас сүйегінің сынып, ауыз бен мұрнына зақым келді.
«Мистер Крутой»/1997 ж. — шекесі бұзылып, көпірден секіргенде үшінші рет мұрнын сындырды.
«Кто я?»/1998 ж. — тобығы мен сол жағының қабырғасы құртылды.
«Час пик»/1998 ж. — қызыл матамен төмен түсіп келе жатқанда жамбасын күйдіріп алды.
«Шанхайский полдень»/2000 ж. — аузынан көпіршік шығару үшін бүтін сабынды аузына тыққанда біраз уақытқа дейін даусы шықпай жүрді. Шіркеу мұнарасынан секіргенде жамбасын жарақаттап алды.
«Случайный шпион»/2000 ж. — бұл кинофильмде Джеки басы мен кеуде қуысын ауыртып алды. Эскалатордан секіргенде оң қолының сұқ саусағын кесіп алды. Құйымшақ шеміршегі жарақаттанып, денесінің төменгі жағынан біраз уақыт мүгедектік күй кешті.
«Час пик 2»/2001 ж. — Джеки орман ішіндегі бамбуктерге өрмелеп шығатын көрінісінде тайғанап кетіп аяғын ауыртып алды. Жақында ғана жауып өткен жауынның кесірінен ағаш сулы болған.
«Смокинг»/2003 ж. — Джеки науамен төмен түсіп келе жатқан көрінісінде тізе асты буындарына зақым келді.
«Эффект близнецов»/2003 ж. — ауыр қимылдар жасайтын кезде аяғын ауыртып алды.
«Медальон»/2003 ж. — кинофильмнің ақтық түсірілімі кезінде металл шынжыр бетін жарақаттады. Жалынды өрттен секіргенде қолы күйді.
«Шанхайские рыцари»/2003 ж. — беліне зақым тиді.
«Новая полицейская история»/2004 ж. — ғимараттың қабырғасынан кісенмен түсіп келе жатып қолы жарақаттанды. Отты арқанмен төбелес қиымалдарын жүрігізіп жатқанда тағы да қолы күйіп қалды.
«Вокруг света за 80 дней»/2004 ж. — көзі мен беті және аяқтары жарақаттанды.
«Миф»/2005 ж. — аттармен бірге айқасқа толы көріністің түсірілімі жүріп жатқанда беліне зақым келіп, басқа көріністе күрекпен алақанын тесіп алды.
«Младенец на $30 000 000»/2006 ж. — ғимарат қабырғаларымен өрмелеп келе жатқанда мұрнын бұзып алды. Каскадерлердің бірі байқаусызда басқа аяқ киім киіп Джекиді кеудесінен ұрып қалды. Соққы қатты тиді. Нәтижесінде кеуде қуысына зақым келді.
«Шпион по соседству»/2010 ж. — бірнеше рет тізе асты сіңірлері тартылып қалды.
«Доспехи Бога 3: Китайский зодиак»/2010 ж. — аяғын қайырып, иығы жарақаттанды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
А. Әбілхан