Джеки Чан ауруханаға барудан өте қорқады

Джеки Чан ауруханаға барудан өте қорқады
Фото: GetBg.net

Голливудты бағындырған қытайлық актер Джеки Чан туралы естімеген жан бұл әлемде өте сирек шығар. Оның әрбір жасаған қимылы, махаббатпен түсірілген фильмдері және де адам таңғалатын шеберлігі бар образын ашып тұр. Алайда, актерлік өмірінен бөлек Джекидің қандай қызықтары бар екенін бірі білсе, бірі білмес. Сондықтан Гонконг қаласынан шыққан Чанның туғанынан бергі ерекше қызықтарымен таныса кетсеңіздер. 

Джеки Чан туған кезде ата-анасы британиялық дәрігер жігітке сатпақ болған. Алайда, бұл ой жүзеге аспаған. Бұл кезді актердің өзі әзілге араластырып: "Егер мен британ азаматына сатылған кезде қытай тілін білмейтін, британиялық азиаттың бірі болар едім. Сонымен қатар өскенде дәрігер болуым да ғажап емес",– дейді.  

1976 жылы каскадерлік пен кинодағы қиын оқиғаларды өзі сомдап шығатын Джекидің көзіне ота жасалған. "Пьяный мастер" филімінің кезекті сюжетінде актер көзінен қатты зақымданған. Дәрігерлер ота жасап, барлығын қалыпқа келтірген кезде, оның екінші көзінен үлкен болғанын байқаған. Соңында дәрігерлер ақылдаса келіп, оның көзін қалпына келтіру мақсатында комостық ота жасаған. 

Джеки Чан күніне 3 сағаттық жаттығу жасайды. Оның ішіне 8 километрлік кросс жүгіру мен түрлі дене жаттығулары кіреді. Сонымен қатар шығыс жекпе-жегінің де әдіс-тәсілдерін қайталауды ұмытпайды. 

Көптеген трюк жасайтын актердің аурухана мен дәрілік инеден қатты қорқатыны бар екен. Мүшенің сынғанынан емес, дәрігердің алдына барудан қатты сескенетін актер осы бір қорқынышын жеңе алмай келеді. Ауруханаға көп түсетін Джеки әр кез үш нәрсені ғана ойлайды екен. Не болды? Бұл қаншалықты ауыр? Ары қарай не істейді? 

Джеки Чан өзінің отбасына ешқашан қиындығын айтпаған. Актердің өміріндегі өліммен арпалысқан 1985 жылғы мойнын сындырған оқиғаны ата-анасы көгілдір экраннан естіген. Алайда, оларға тіс жармау үшін жарнамалық роликтің бір түрі деп алдаған. Отбасына қиындығын көрсеткісі келмеген актер әлі күнге дейін бұл әдетін тастамаған секілді.

Қытай елінде Джеки Чан үлкен қайрымдылық шараларымен айналысады. Өзге елдегі 50 қытай бүлдіршінін қорғауына алып, оларға жағдай жасаған. Сонымен қатар Джеки Чан атындағы қор ашып, шығыс жекпе-жегін үйрететін мектеп салып берген.

Джеки Чан гиннес рекордтар кітабына еніп үлгерген актер. Оның жасаған керемет бір трюгі әлі күнге дейін сақталып тұр. Ол, "Лорд дракон" атты фильмде бақаны футбол қақпасына тура кіргізуі керек болған. Алайда, осы бір 10 минуттық көрініс үшін 2900 дубль, екін күн кеткен.     

Салауатты спорт салтын қатаң сақтайтын актер ішімдік, кофе, темекі сынды зиянды заттардан бойын алыс ұстауға тырысады. Мұндай зиянды заттардан үнемі алшақ болуды жастармен кездескен сайын айтып отырады.

Міне, бұл Джекидің көп білмейтін құпияларының бірі. Егер сіздің де алып қосарыңыз болса, пікір ретінде қалдырсаңыз болады. 

B. ZHAQSYMBET