Голливудтың танымал актері Леонардо Ди Каприо кинематографиядан кететінін мәлімдеді. Оның қанша уақыт демалатыны әлі де белгісіз. Ол соңғы бірнеше жылда көп жұмыс жасағанын, кейін шаршағанын жеткізген.
«Мен қажып кеттім. Үлкен демалыс алғым келеді. Соңғы екі жылда 3 фильмге түстім. Ақыры шығармашылық демім таусылғанын білдім» дейді атақты актер. Ол демалысының көп бөлігін саяхаттауға арнамақ. Леонардо ДиКаприоның түскен соңғы фильмі Квентин Тарантиноның «Джанго босаған» («Джанго освобожденный») болған. 2013 жылы оның қатысуымен тағы да екі фильм көрерменмен қауышпақ: «Ұлы Гэтсби» («Великий Гэтсби») және «Уолл-стрит қасқыры» («Волк с Уолл-стрит»).
Голливуд актері тек фильмге түсуге құмар емес екен, сонымен қатар, ол қызықты шараларға да қатысады. Ол "Титаник" және "Дорога перемен" фильмдерінде бірге түскен әріптесі Кейт Уинслетті неке сарайына апарған. Тек үйленген адам басқа болып шықты. Леонардо Кейт пен Нед Рокнроллдың үйлену тойына қонақ болып барған екен.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: tsn.ua