Жерар Депардье ресейлік БАҚ арқылы Ресей еліне деген сүйіспеншілігін жеткізді. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің актерге азаматтық бергені туралы ақпарат шыққан болатын. Бұдан кейін Жерар Депардье ресейлік БАҚ өкілдері арқылы Ресей елі туралы жақсы ойда екенін айтты.
Депардье журналистерге берген сұхбатында «Мен Ресей елін жақсы көремін. Адамдарын, тарихын, жазушыларын сүйемін. Мәдениеті мен ойлау үрдісі ұнайды. Менің әкем Мәскеу радиосын тыңдаған. Бұл менің де мәдениетім болып саналады»-деп айтты.
Ол нақты Мәскеуде тұруға емес, адам аз қоныстанған ауылда тұрғысы келетінін жеткізді. Сонымен қатар, ол "Өз еліне өкпелеген ол Ресейді өз азаматын "шарасыз адам" деп айтатын жер емес" деп те айтып өтті. Айта кетерлігі, актердің орыс тілін меңгеруге деген талабы зор екен.
Не дейік, қоныс құтты болсын, Жерар мырза!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: filmpro.ru