- Негізгі бет
- Тұлға
- Депардье орыс қызына...
Депардье орыс қызына үйленуі мүмкін
Жастардан құрылған қоғамдық ұйым «1 канал» бас директоры Константин Эрнстке Жерар Депардьені үйлендіру үшін «Кел үйленейік!» («Давай поженимся!») бағдарламасына қатыстыру туралы ұсыныс жасапты.
Ресейлік «Ұлттық комитет – 60» атты ұйымды экс-депутат Владимир Кучеренко құрған. Ұйым белсенділерінің айтуы бойынша, Депардьенің жары жоқ, оның бос уақытта іші пысады екен. «Үлкен дарынға үлкен муза керек, себебі оның шығармашылығы жаңарып отыруы тиіс» деген сөзді де ұйым белсенділері айтудан ұялмады.
Белсенділер атақты әртіске жар бола аларлық адамын да тауып үлгеріпті. Таңдау мемлекеттік қайраткер, саясаткер, дипломат Валентина Матвиенкоға түскен. «Жеңгетайлардың» пайымынша, екі адам бір-біріне жарасып, дәл келіп тұр. Екеуі де ауылда туып-өсіп, дарынымен әлемдік Олимпке шыға алған.
Валентина Матвиенко
Санкт-Петербургтағы белсенділер сөйтіп, франциялық актерді риза қылмақшы, ол тіпті ұлы Мариус Петиптің (атақты балет солисі) абыройынан асып жығылады дейді. Бұдан кейін олар екі бала асырап алуы тиіс екен. Бұл Ресей патриоттарына сабақ, үлгі болмақшы-мыс.
Айта кетсек, Жерар 1970 жылы Элизабет есімді қызға үйленген. Олардың екі баласы бар. Ал тағы да екі баласы Жерардың некесіз туған ұлдары болып саналады. Жұлдызды жұп 1996 жылы ажырасқан болатын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: iplperu.org
А. Құлтай