Дэниел Крэйг - жыл ері

Джеймс Бондтың рөлін сомдау арқылы бүкіләлемдік атақ-даңққа бірдей бөленген британдық актер Дэниел Крейг GQ журналының осы жылдық қорытындысы бойынша "Жыл ері - 2012" атанып отыр.

Аталған басылым атақты тыңшы "007" секілді Крейгтің де талғамы таудай екенін, жақсы киініп, жақсы тұратынын назарға алған. Және актердің өзіне жарамсыз киімдерді мүлдем кимейтінін саралап білген.

Айта кетсек, екінші орын Зак Эфронға бұйырды.  "Сasual" стилінде киінетін өнер иесі сыртқы киімді киюде көбіне тұрпайылықтарға орын беріп қояды екен. Бірақ, үлкен атышулы көрмелерде классикалық үлгіде костюм киіп және түйреуішті орынды тағатынын ескеріпті...

Ал үшінші орынды сөзсіз Дэвид Бэкхем еншіленген. Әйгілі спорт шебері сән әлемінде көптен бері өнер көрсетіп, жиі бой көрсетіп жүретінін ескерсек, онда таңғалуға болмас.

Сонымен қатар басылым үздік ондықты қалыс қалдырмаған: Бруно Марс, Эван Мак Грегор, Роберт Паттинсон, Джозеф Гордон-Левитт, Тайсон Чендлер, Джастин Теру мен Ник Джонас.


сурет:pronowosti.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек