Жер бетінде қалтасындағы ақшасын үнемдей білетін бай адамдарды кездестіру өте қиын. Алайда қытайлық Юй Южен ақшаны орнымен жұмсауды өзі ғана үйреніп қоймай, балаларына да үйретіп жүр.
Есепшотындағы миллиондаған ақшасына қарамай, аула сыпырушысы болып жұмыс істейді. Юй ханымның бұл әрекеті – нағыз жомарттылық. Ең бай адамдардың қатарына кіру үшін маңдай терін төгіп, ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген.
Барлығы 80 жылдары басталады. Болашақта миллиондардың иесі боламын деп ойламаған Юй қарапайым фермер болған. Күйеуі екеуі аянбай еңбек етіп, аулында алғашқы рет 3 қабатты үй тұрғызады. Дәл осы кезде Ухань елді мекеніне жұмысшылар келіп тұратын үй іздейді. Нәтижесінде Юй пәтерін жалға береді.
Арада біраз уақыт өткен соң 5 қабатты ғимарат салып, барлық бөлмелерді жалға береді. Сол уақытта дәл осы бизнеспен айналысқан достары тапқан ақшаларын казино мен ішімдікке құртады. Осының барлығын көрген Юй балаларының да жеңіл ақшаға тап болып, жаман жолға түсіп кетпеу жолын ойластырады. Өзі аула сыпырып балаларына сөзімен емес, ісімен ақыл айтады. Оның айтуынша, қолда бардың қадірін біліп, табысқа жеткің келсе, аянбай еңбек етуің керек. 1998 жылы жұмыспен қамтамасыз ету орталығына өтініш білдіріп, аула сыпырушысы болып жұмыс істейді. Осылайша 15 жылдан бері Юй күнделікті таңғы сағат 3-те тұрып, 3 шақырым жерді сыпырады.
Бала үлкеннің айтқанын емес, үлкеннен көргенін жасайды.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: ocheninteresno.ru