Шара еуропалық елдерде тұратын қазақстандық арулар үшін ұйымдастырылған. Қазақстандық Дарья Усова байқау жеңімпазы атанды.
"Чехиядағы Қазақстан аруы" атанған қазақстандық Дарья Усова Өскемен қаласында туылған. 2007 жылдан бері Чехияда оқиды. Қазір ол «Маркетинг» мамандығы бойынша білім алуын аяқтады. Арудың сөзінше, ол мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырған көрінеді. Ал бірінші вице-ару атағына Ғазиза Тоқсанбаева ие болса, Галина Баркова екінші вице-ару атанды. Ал Людмила Полякова есімді ару "Көрермен көзайымы" атанды.
Айта кетерлік жайт, ұйымдастырушылар атынан байқау жеңімпазы Дарья Усоваға Парижге жолдама берілді. Ал екінші орынды иеленген арулар парашютпен секіруге сертификат алды. Үшінші орынның жүлдегерлеріне фотосессия уәде етілді.
Байқау үш кезең бойынша өтті. Байқау барысында қатысушылар кешке арналған көйлектердің сәнін көрсетті.
Чехиядағы Қазақстан аруын анықтау шарасын қазақстандық жастар Чехиядағы Қазақстан елшілігімен біріге отырып ұйымдастырған.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: art.gazeta.kz