- Негізгі бет
- Тұлға
- Чарли Чаплиннің таяғы...
Чарли Чаплиннің таяғы мен бас киімі сатылды
Аңызға айналған күлдіргінің қалпағы мен таяғы АҚШ-та 60 000 долларға сатылып кетті, деп ИТАР-ТАСС хабарлайды.
Мылқау киноның ерекшелігін андағайлап көрсеткен, белгісіне айналған заттар жексенбі күні Bonhams сауда үйінде болған аукционда сатылыпты. Жоғарыдағы заттар 1931-36 жылдары түсірілген «Жаңа заман» («Новые времена») және «Үлкен қаланың оттары» («Огни большого города») фильмдерінде бас кейіпкердің негізгі аксессуарлары болған еді.
Сауда үйінің өкілі Люси Кардың айтуы бойынша, осы күнге дейін сақталып келген заттардың қайсысы Чарли Чаплинмен бірге киноға түскені белгісіз.
«Кішкентай қаңғыбастың» заттарынан басқа, аукционға Джон Леннонның қолжазба хаты да қойылыпты. Онда атақты The Beatles-тың әншісі Йоко Ономен бірге жалаңаш түскен суретін де қойған екен. Манускрипт 25 000 долларға сатылған. Бағалы заттардың ішінде Мэрилин Монроның атақты суреттер жинағы (21250 долларға сатылды) мен Фрэнк Синатраның суреті (10 000 долларға сатылды) бар.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: afisha.mail.ru
А. Құлтай