Түрік телесериалында бірнеше басты рольде ойнап, жағымды кейіпкерлерді сомдап, қыздардың жүрегін жаулап үлгерген Бурак Өзчивит туралы қызықты деректер ұсынамыз.
Бурак Өзчивит 1984 жылы 24 желтоқсан күні Стамбулда туған.
2003, 2005 жылдары «Best Model Of The World» конкурсына қатысып, ерлер арасында әлемдегі ең үздік модельдер ішінде екінші орын иеленеді.
Бір кездері сән әлемінде белең алған "мұртшалардың сәнге енуін" осы актер бейнесімен байланыстырады.
Ол ағылшын тілін жетік меңгерген, футбол ойнауды, көлік жүргізуді ұнатады.
Сүйікті көлігі — қара corvette, қара түс жанына жақын.
Демалыс кезінде playstation ойнағанды ұнатады.
Өмірінде анасынан артық адам жоқ.
Ол үшін 7 саны сәттілік әкеледі.
Сүйікті тағамы — кәуап және фарщталған мидии, ал сүйікті сусыны — қарапайым су және Coca cola.
Саяси зерттеу жөнінде жазылған кітаптар оқығанды жақсы көреді, ал сүйікті авторлары — Кaн Дундар, Сонер Ялчин.
Тым көп макияж жасап, табиғи түрінен алыстап қалатын қыздарды ұнатпайды.
Жиі айтатын сөзі: "Сақтықта ерекше дарын жасырынып жатыр".