Неміс-венгер суретшісі Deenesh Ghyczy өзі жазған картиналарда мультиэкспозиция эффектісін жасауға шебер.
Оның картиналарындағы бірнеше ретте қатар қойылған бір адамның бет-бейнесі көзіқарақты көрерменің басын айналдырып, жанарын бұлдыратып жібермек.
Қарапайым түсініктер мен ойлар, сол қатарда дәлелдер (аргумент) мағынасыздыққа айналады. Аталған еңбектерге қарай отырып, әр адам заман алдында өз кескін-келбетін жасауға міндетті екенін аңғарасыз. Әр уақытта жаңа "бетперде" киген адамдар замана келбетін түзбек.
сурет:emptykingdom.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек