- Негізгі бет
- Тұлға
- Біржан салға ескерткіш...
Біржан салға ескерткіш орнатылды
Ақмола облысының Степняк қаласында қазақтың ұлы ақыны әрі әншісі Біржан салға арналған мемориалдық кешен ашылды.
Кешен композитордың алты метрлік мүсіні, субұрқақ және киіз үй пішініндегі құрылыстан тұрады. Композиция авторы көкшетаулық Мұнарбек Бұрмағанов. Ескерткіш ақынның жерлестерінің қаржысына салынған.
"Қазақ халқы үшін Біржан салдың орны ерекше. Орыс халқы Пушкинді, Шаляпинді, Глинканы қалай құрмет тұтса, біз де бұл бабамызды дәл солай құрметтейміз", - деді мемориалдың ашылу салтанатына қатысқан Еңбекшілдер ауданының тұрғыны Тасболат Алпамысов.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) жастайынан әншілігімен көзге түскен дарын. Ол осылайша домбырамен ән айтып, көпшіліктің көңілін тауып өсті. Осы жылдарға дейін әншінің артынан "Біржан сал", "Алтын балдақ", "Ақтентек", "Жаймашуақ", "Бурылтай" секілді туындылары қалды.
Біржан сал, сонымен қатар, талантты айтыскер болды. Мәселен, оның 1871 жылы Жетісу жерінде өткен Сара Тастанбекқызымен болған айтысы ел жадында жанр классикасы ретінде сақталды. 1946 жылы композитор Мұқан Төлебаев осы айтыстың негізінде "Біржан - Сара" операсын жазып шықты.
Айта кетелік, әншінің ескерткіші 1991 жылы Көкшетау қаласында ашылды. 2009 жылы "Қазақфильм" киностудиясы "Біржан сал" фильмін түсірді. Лентаға Досхан Жолжақсынов режиссерлік қылып, басты рөлді сомдады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: Қастеевтың картинасының фрагменті