Әншілер жазушылықпен айналыса бастады. Солардың бірі американдық әнші Бритни Спирс өзінің алғашқы автобиографиялық кітабын жарыққа шығаруға дайындалу үстінде. HarperCollins деген басылымда жарық көретін кітапта әзірге не жазылып, не басылғаны жай-жапсарына дейін белгілі емес. Романдағы кей сюжеттер ойдан шығарылғанымен, онда әншінің өз өмірі суреттелмек. Сонымен қатар ол шоу-бизнес саласының көлеңкелі тұстарын жасырын қалдыратын болуы керек.
Жұлдыздар арасында кітап шығару соңғы кездері таңсық емес. Мысалы 2009 жылы актриса Лорен Конрад та өз кітабының тұсауын кескен болатын.
Романда Лос-Анджелеске сырттан келген қыз жайында айтылады. Ол осы қалада аты жайылып, реалити-шоудың жұлдызы атанады. Роман оқырман арасына тез жетіп, қызу талқыланды. Көбінің көңілінен жол тауып, жақсы бағаға ие болды. Роман жазуда жаттығып қалған Конрад одан бері тағы екі романының тұсауын кесіліп үлгерді.
Ендігі кезек Бритниде...
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: bloggers-pics.blogspot.com, 7ja.net