Актерліктің шыңына шыққан талантты тұлға отбасылы ерлерге үлгі болсын деген оймен бір жолғы сөздерін төменге түсірдік.
* * *
Келіншегім ауырып қалды. Жұмыстағы, жеке өмірдегі, өз басындағы проблемаларды ойлай беремін деп, жүйкесі жұқаратын да жүретін. Енді міне, 15 келіге азып, салмағы бар-жоғы 40 келіні құрап отыр. Жасы болса, әлі 35-те.
Жолында кім тұрса, соған айқайлап, жылап-сықтап, үнемі жанарына жас үйіруге айналды. Бұрынғыдай еш нәрсеге қуанбайды. Бұрынғыдай емес, үнемі басы ауыруға айналды, жүрегі шаншыды, қабырға тұсындағы жүйке талшықтары тыным бермейтін болды. Тәтті ұйқы көрмеген соң, таңертеңгілік көз іліп алатын, сонысы үшін де шаршау қалпы, қалғып жүрді. Қарым-қатынасымыз да мәз емес еді, құлаудың аз-ақ алдында қалып еді. Сұлулықпен қош айтысқан жандай, бетіне, әсіресе, көз айналасына әжімдер түсе бастады. Баяғыдай өзіне қараудан қалды, еш нәрсеге мән бермеуге айналды.
Фильмдердің түсірілімінен үзілді-кесілді бас тартты. Барлық рөлді кері қайтарды. Мен болсам, үмітті жоғалттым, ертелі-кеш ажырасармыз деп ой түйдім... Бірақ, мен бір күні іске кірістім. Іске кірістім де, үлесіме тиген жер бетіндегі ең әдемі келіншекті жоғалтпауға бекіндім. Жер бетіндегі барлық жанның, тең жартысының арманына айналған жанды маған сүюге бұйыртты. Қасында жатып, қытықтап ойнау менің ғана құзырымда еді. Мен оның әрі күні құшағын гүлге толтырып, сүйіспеншілік пен қошеметті аямай жаудыратын болдым. Күтпеген тұста тосын сый жасап, оны әр минут сайын қуантып отырдым. Сыйлықтарды үйіп-төгіп, сол үшін ғана өмір сүрдім. Барлық ортада соның атын айтатын болдым. Соның аты бар әңгімемнің тұздығына айналды. Достардың басы қосылған жерде оны мадақ тұттым.
Сенбессіз, ол қайта құлпырды. Бұрынғыдан да аса керемет реңге бөленді. Салмақ жинап, ашулануды доғарып, мені бұрынғыдан артық жақсы көре бастады. Шынымды айтсам, бұрынғыдан артық жақсы көреді деп ойлап көрмеппін. Сосын барып, әйел – еркектің айнасы екенін, егер өліп-өше сүйер болсаң, ол соған айналатынын түсіндім...
Бред Питт
сурет: ntv.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек