Брэд Питт (Brad Pitt) жақында Анджелина Джолиге (Angelina Jolie) неке қию туралы ұсыныс жасады. Жұптың өкілдері бұл ақпаратты ресми түрде растап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын бұл жұп бірнеше жыл бойы азаматтық некеде тұрған еді. Сонымен қатар қазіргі жұлдызды отбасының алты баласы бар (туған балалары - Шило Нувель, Нокс Леон және Вивьен Маршелин, асырап алған балалары - Мэддокс, Пакс, Захара)
Айтар болсақ, бұған дейін Анджелина Джоли екі рет тұрмыс құрған (1996-1999 жылдары және 2000-2003 жылдары). Өз кезегінде Брэд Питт тек бір рет (Дженифер Энистонмен) отбасын құрған еді.
Сурет: lady.faino.in.ua, womanews.ru