21 қыркүйек күні Тұран университетінде «Method» бағдарламалау мектебінің негізін қалаушы және директоры Нұрболат Кұсмағұлдың «Бір мектептің тарихы: қазақтар әлемді қалайша бағдарламалауға үйретеді» атты шеберлік сабағы өткізілді. Нұрболат 2011 жылы Германиядағы Jacobs University бағдарламалау мектебін тәмамдады.
2 жыл, 3 айдың ішінде «Method» бағдарламалау мектебін 600-ге жуық студент тәмамдаған. Нұрболаттың ойынша стартап идеялардың саны көп болғандықтан, идеяның бір өзі құнды саналмайды, бұл жерде оны жүзеге асыра алу маңызды. Терең мағынаға ие, жай ғана қарапайым формула:
Бизнес = идея + оны іске асыру.
Сонымен бірге спикер кәсіпкерлік − «америкалық төбешік» сияқты, істерді жүзеге асыру барысында күйзеліске де, табысқа да бір күннің ішінде кенелуге болатынын айтты.
Соңында кезек тыңдармандардың сұрақ-жауап сессиясына ауысты, соның ішінде Нұрболат «Method» бағдарламалау мектебінің кестесі, түрлі курстары мен статистикасы жайлы мәлімдеді.
Шеберлік сабаққа қатысушылардың арасында Алматы қаласының белсенді жастары, жас кәсіпкерлер және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары болды. Бұл іс-шара инновациялық және бизнес алаңдарын қолдауға арналған жоба аясында ұйымдастырылды, негізгі мақсаты – Алматы қаласындағы жастар кəсіпкерлігін дамыту.
Ұйымдастырушылар мен серіктестер: Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Корпоративтік қоры және «Тұран» университеті.