Билл Гейтс: Әлемді кедейліктен құтқарудың жолын білемін

Билл Гейтс: Әлемді кедейліктен құтқарудың жолын білемін
Фото: greenbelarus.info

Билл Гейтс ең бай адамдардың қатарында: оның табысы 2016 жылдың мамыр айында 76,4 миллион долларға бағаланған болатын. Ол бұл табысқа өзінің ақылымен әрі кәсіпкерлік шеберлігімен қол жеткізген еді. Кеше ол өз блогында халыққа берген мынанадай кеңесін сіздерге ұсынамыз.

Билл Гейтс тапқан табысының көп бөлігін қайырымдылық шараларына жұмсайтыны бәріне мәлім. Оның қол астындағы қорлардың бірқатары кедейлікпен күреседі. Сонымен, әлемдегі ең бай адам өзінің күнделікті кірісі небәрі 2 долларды құраса қалай өмір сүрмекші?!

фы

«Әрине, барлық ел мен жағдайға бірдей әсер ететін шешім жоқ. Кедейлік әр ортада әртүрлі көрініс табады. Бірақ, қордағы жұмысым арқылы көп адамды аман алып қалған шаруашылық – тауық өсіру екенін көрдім. Сиэтл қаласында өскен бала үшін бұл нағыз жаңалық еді. Енді көзім жетті: кедейшіліктен сақтайтын амал – тауық өсіру»
Билл Гейтс

Осылайша сөзін бастаған Гейтс өз кеңесіне адамдарды иландыру үшін мынадай аргументтер келтірді:
1. Тауықты өсіру – оңай. Олар аса қатты күтімді керек етпейді. Тауықтың көптеген түрі тамақ талғамай жей береді. Оларды асырау үшін де аса үлкен аймақтың керегі жоқ. Оларға тұрақты оңай тұрғызуға болады. Сонымен қатар, егетін екпелердің бағасы да қолжетімді.
2. Сәтті инвестиция. Ойлап көріңіз, жаңадан іске кіріскен фермерде бар-жоғы бес тауық бар. Үш айдан соң, олардан 40-қа жуық балапан өмірге келеді. Егер бір тауықтың құны Батыс Африка үшін 5 доллар болса, онда жылына фермер 1000 долларға дейін табыс таба алады.
3. Балалардың денсаулығын сақтайды. Аштықтың кесірінен жылына 3,1 миллионнан астам бала бұл өмірмен қоштасады. Жұмыртқа мен тауық еті балаларды аштықтан аман алып қалатын нәруыз бен дәруменге бай ең тиімді азық болары сөзсіз.  
4. Әйел затына еркіндік алуға мүмкіндік беретін шаруашылық болар еді. Көптеген елдерде әйел мен ер арасындағы теңсіздіктің үні анық естіледі. Сол себептен, әйел адамдар жеке кәсібін бастауға мүмкіндік ала алмайды. Ал, тауық өсіру арқылы бұл мәселенің шешімін табуға болатыны анық.

Сөзін қорытындылай келе, Билл Гейтс әлемде біз білмейтін ауқымды мәселелердің барын айтып, оның шешімінен әлдеқайда алыста жүргенімізді де сөз етті.

Ал, сіз не ойлайсыз? Тауықтар әлемді ашаршылықтан аман сақтап, бізді байыта ала ма? 

Т. Есқали