Бес жасар "Моцарт"

Йе-Юн 5 жасында нағыз таланттар сайысына қатысып, Корея халқын дүр сілкіндірген. Ол кез келген әуенді тыңдап, фортепианода айнытпай қайталап бере алады.

2002 жылы Оңтүстік Кореяда ерекше есту қабілеті бар сәби дүниеге келген. Өкінішке орай, сәбидің көздері толықтай көрмейді. 2 жасқа толған шағында музыкаға деген ерекше ықыласы байқалып, содан бері түрлі шоуларға қатысып келеді. 

Тыңдармандарының жүрегінен орын алған бұл қызды «бес жасар Моцарт» деп атайды. Бүкіл жұртқа танымал болған соң, дәрігерлер көз жанарын қалпына келтіреміз деп біраз тер төгіп, нәтижесінде еңбектері зая кетті.

Ата-анасы арнайы ұстаздар мен мектептерге апарып көрмесе де, дарынды қыз аспапта ойнауды өзі үйренген. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/LfgZGm3nOOs","width":"425","height":"350"});

Ғалымдардың айтуынша, дәл осындай дарынды балалар жүз жылда бір рет қана туылады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru