Бүгін, 9 қаңтар - қазақстандық продюсер Баян Есентаеваның туған күні. Продюсердің инстаграмындағы парақшасына сүйенсек, ол туған күнін отбасымен бірге Үндістанның Гоа штатында қарсы алуда.
Баянды туған күнімен алғашқылардың бірі болып күйеуі Бақытбек құттықтаған. Бұл туралы өзі инстаграмға сурет салып, былай деп жазды: "Қыз баланың нағыз досы - бриллиант! Өзімді туған күніммен құттықтаймын және сүйіктіме әйел бақытын сыйлағаны үшін рақмет!"
Ал әнші Жанар Дұғалова "Құрметті Баян Мақсатқызы! Туылған күніңіз құтты болсын! Сіз жасаған жақсылықтар, cіз сыйлаған қуаныштар, cіз дәнін еккен сұлулық cізге екі есе болып оралсын!" , - деп жазады.
Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаева 1975 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Бүгін продюсер, отандық шоу-бизнестің аса беделді тұлғасы, қазақ қыздарының үлгісі 40 жасқа толып отыр. Massaget.kz порталы да Баянды туған күнімен құттықтап, оған табыс, бақыт, береке тілейді!
Сурет: vk.com, instagram.com