- Негізгі бет
- Тұлға
- Батырхан өмірде жалғыздықта...
Батырхан өмірде жалғыздықта болған адам – Бауыржан Шөкенов бауыры туралы
ER-BATYR жобасында – Батырхан Шүкеновтің ағасы және "Арман" кинотеатрының атқарушы директоры Бауыржан Шөкенов. Ол сұхбат барысында бауырының жалғыздықта болуы, ата-анасының әзілді түсіне білуі және әке болудан гөрі ата болудың артықшылығы туралы айтып берді. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көріңіз.
Жобаның ұйымдастырушылары – Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер – "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі – Altel ұялы байланыс операторы.
Бауыржан Шөкенов - танымал әнші Батырхан Шүкеновтің ағасы, Франция әдебиеті мен өнері орденінің кавалері, Батырхан Шүкенов атындағы қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы және "Арман" кинотеатрының атқарушы директоры.
Жоба қонағы оның бауыры Батырхан өмірде көп жалғызсырағанын айтады.
"Меніңше, біз оның отбасы мүшесі ретінде оның жанына жақын адамның орнын баса алмайтын едік. Өмірінде жалғыздық сезімі болған шығар. Оның басынан мына нәрсе өткен сияқты: жанында жақын адамы болмады. Жалғыздық ол таңдаған жолда көмектеспеген секілді. Жарықтар арасында софит, миллиондаған адамның ішінде жалғыз болды деп ойлаймын. Неліктен олай болғанын білмеймін, бірақ өзіңді ер адам ретінде, адам ретінде жеңе білу, сүйікті адамыңның сенімен болғысы келмеуі, ол сенің танымалдығыңнан немесе саған басымдық көрсететін, бәлкім сол қиын "орбитаға" кіргісі келмейтін тұлғадан қорыққан шығар. Мен бұл туралы ешқашан айтпайтынмын, бірақ бұл жайлы өте көп ойланатынмын. Жақын адамыңның болуы өте маңызды нәрсе, әсіресе Батыр секілді ірі масштабтағы музыкант үшін", - дейді ол.
Бауыржан Шөкенов ата-анасының әзілқойлығын жақсы көретінін айтты.
"Ара қатынасымыз әрине өмірдің әр сәтінде әртүрлі болатын. Әлі "жап-жасыл" кезімде әкеміз қатал болатын. Қатал тәрбиелейтін, бірақ бәрін әзілмен жеткізетін. Менің жолым болды деп есептеймін, себебі менің ата-анам әзілдескенді жақсы көретін. Сосын, есейе келе, ол махаббатқа ұласады. Соңғы кездері әкеме хабарласқан кезде "Ата, сәлем, қалайсыңдар?" деген кезде, үнемі: "Ау, жаным!" дейтінін еске аламын. Маған, отбасы, бала-шағасы бар ересек адамға деген нәзік қарым-қатынас ата-анамда әлі күнге дейін сақталған", - дейді спикер.
Спикер пандемияға байланысты еліміздегі кинотеатрлардың жағдайы туралы ойын айтты.
"Әрине, расында кері әсер етті. Егер мен жас болсам және психикалық, психологиялық тұрғыда тұрақсыз болсам, әрине, оның салдары жаман болар еді. Өзімді акционерлердің, сол кәсіпке көп ақша салғандардың орнына қойып көремін, себебі кинокөрсетілім технологиясы жиі өзгеріп тұрады. Одан бөлек, егер салынған инновацияны қайтарып алатын мүмкіндікті жоғалтсаң, үнемі трендте болып, заманға сай болу керексің. Мен үнемі мемлекет кинокөрсетілімге бір де бір тиын салмағанын айтамын. Ол кинотеатрлар жекеменшікке өтуі үшін бастапқы капитал берген болуы мүмкін, бірақ оның индустриалдық роліне әсер етпеді ғой, нақты индустриалдық роль. Кинотеатрлар мен кинофикация сауда орталықтарының ғимаратында. Біздің залдардың 95 пайызы ірі моллдарда орналасқан, олар касса жинап, біздің кинокөрсетілімде тренд жасап жатыр, сондықтан қазір өте қиын кез", - дейді Бауыржан Шөкенов.
Сондай-ақ Бауыржан Шөкенов әке болудан гөрі ата болудың артықшылығы туралы айтып берді.
"Айырмашылық өте үлкен. Әрине, ата болған күштірек, себебі баланың тәрбиесіне сен жауап бермейсің. Сен оны жақсы көресің, еркелетесің. Оны ештеңемен салыстыруға келмейді, сен үшін үлкен әлем ашылады", - дейді ол.
ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Бұған дейін экс-футболшылар Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев жоба қонағы болған еді.
Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.
Н. Үсенова