АҚШ – әлемдегі ең алпауыт ел болса, сол алпауыт елдің тұғырында алпауыт тұлға отыр. Ол – Барак Обама. Жүзі жылы көрінетін осы бір тұлға бүгінгі таңда теңдессіз саясаткер ғана емес, отбасында сүйікті жар, ардақты әке. Дәурені жүріп тұрған саясаткердің ауыздан-ауызға тарап, аңызға айналған сөздерін ұсынамыз:
Үміт – ұлтымыздың негізі. Тағдыр маңдайға жазып қойғанынан емес, сол тағдырды өзіміз жазатынымыздан үміттену керек. Өзіне берілген өмірге қанағаттанбайтын жандар өмірді өзі қалағандай қылып жазуға батылдану керек. Кім талантты әрі креативті болса, болашақ соныкі.Барак Обама, жары Мишель және қыздары Саша мен Малия
Егер сіз дұрыс жолмен келе жатсаңыз әрі осы жолмен жүре берсеңіз, соңында сәттілікке жетесіз. Бәрінен бұрын өмірге отбасым үшін шексіз алғысымды айтамын, менің Мишельдей керемет жарым бар, екеуміздің екі сұлу қызымыз бар. Сізді алдағым келмес еді. Мен қарапайым өмірмен күн кешетін адаммын, пенде ретінде қателік жасайтын кездерім де болады. Президенттің ең негізгі қызметтерінің бірі мынада жатыр: Егер сен өкпешіл болсаң, онда басқа жұмыс іздеуіңе тура келеді.Барак Обама отбасымен
Бәрінен бұрын, бір уақытта шешу керек проблемалардың көптігіне таңғаламын. Қазір компьютер алдында отыра беретін заман емес, балаға көп көңіл бөлу керек. Шошқаны далаппен бояп қойсаң да, шошқа күйінде қалады. Әлдекімнен көмек күтіп не басқа бір сәтті тосып отырсақ, өзгеріс өздігінен келмейді. Өзімізді ғана күту керек. Өзгеріс деген – мына өзіміз.Сурет: ria.ru, ridus.ru
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова