- Негізгі бет
- Тұлға
- Барак Обаманың айтқандары...
Барак Обаманың айтқандары
АҚШ – әлемдегі ең алпауыт ел болса, сол алпауыт елдің тұғырында алпауыт тұлға отыр. Ол – Барак Обама. Жүзі жылы көрінетін осы бір тұлға бүгінгі таңда теңдессіз саясаткер ғана емес, отбасында сүйікті жар, ардақты әке. Дәурені жүріп тұрған саясаткердің ауыздан-ауызға тарап, аңызға айналған сөздерін ұсынамыз:
- Үміт – ұлтымыздың негізі. Тағдыр маңдайға жазып қойғанынан емес, сол тағдырды өзіміз жазатынымыздан үміттену керек. Өзіне берілген өмірге қанағаттанбайтын жандар өмірді өзі қалағандай қылып жазуға батылдану керек.
- Кім талантты әрі креативті болса, болашақ соныкі.
Барак Обама, жары Мишель және қыздары Саша мен Малия
- Егер сіз дұрыс жолмен келе жатсаңыз әрі осы жолмен жүре берсеңіз, соңында сәттілікке жетесіз.
- Бәрінен бұрын өмірге отбасым үшін шексіз алғысымды айтамын, менің Мишельдей керемет жарым бар, екеуміздің екі сұлу қызымыз бар.
- Сізді алдағым келмес еді. Мен қарапайым өмірмен күн кешетін адаммын, пенде ретінде қателік жасайтын кездерім де болады.
- Президенттің ең негізгі қызметтерінің бірі мынада жатыр: Егер сен өкпешіл болсаң, онда басқа жұмыс іздеуіңе тура келеді.
Барак Обама отбасымен
- Бәрінен бұрын, бір уақытта шешу керек проблемалардың көптігіне таңғаламын.
- Қазір компьютер алдында отыра беретін заман емес, балаға көп көңіл бөлу керек.
- Шошқаны далаппен бояп қойсаң да, шошқа күйінде қалады.
- Әлдекімнен көмек күтіп не басқа бір сәтті тосып отырсақ, өзгеріс өздігінен келмейді. Өзімізді ғана күту керек. Өзгеріс деген – мына өзіміз.
Сурет: ria.ru, ridus.ru
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Р. Роза