- Негізгі бет
- Тұлға
- Бальзак туралы қызықты...
Бальзак туралы қызықты оқиға
Дарвин мұражайының сирек кітаптар қорында Александр фон Гумбольдттың 30 томдық XVIII-XIX ғасырдағы Жаңа Дүние табиғаты жайлы кітабының 4 томы сақтаулы тұр. Бұл өзі энциклопедия адам болатын. Білмейтіні жоқ. Ол метеорологиядан ботаникаға дейінгі барлық ғылым саласында өзін еркін сезіне білген. Ол білімге деген құштарлығы мен елгезектік қасиетімен көпшілік есінде қалды.
Бір күні ол өзінің париждік таныс дәрігерінен есінен адасқан адаммен түскі асқа шақыруын сұрайды. Үйінде қонақтар жиналған кезде дәрігер Гумбольдты арнайы алдыртады. Барон үстел үстінде отырғандар ішінен ақылынан алжасқан екі адамды көреді. Бірі қара киімді, үнсіз, қабағы қатулы отырыпты. Ал, екіншісі керісінше, дарақы, қылжақбас екен. Өзі ұқыпсыз киініп алыпты. Кеш соңында Гумбольдт дәрігерге қарап өзінің ессізбен сөйлесіп керемет сезімде қалғанын айтып, жаңағы қылжақбасты нұсқайды. Сол кезде таңғалған дәрігер: «Мұныңыз не?! Есінен адасқан — әлгі қара киімді адам. Ал, сізбен әңгіме-дүкен құрып отырған — Оноре де Бальзак» деген екен.
А. Оралқызы