- Негізгі бет
- Тұлға
- Әйгілі ресейлік әртіс...
Әйгілі ресейлік әртіс Петр Момоновтың өмірлік ұстанымдары
Петр Момонов — орыстың әйгілі әртісі, ақын, музыкант. Ол қалың көпшілікке «Шапито-шоу» философиялық кинокомедиясы арқылы жақсы таныс. Бүгін біз сіздерге Петрдің өмірлік ұстанымына айналған ой-пайымдарын назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.
* Әңгімелесушіңіздің көзіне тура қараңыз.
* «Мен сені сүйем» деп, толық сенімді болмасаңыз да жиі айтыңыз.
* Ешкімді ренжітпеңіз және ешкімге ренжімеңіз.
* Әрқашан жаныңызға жақын әуендерді тыңдап, сүйікті әншіңіздің ән кешін жіберіп алмаңыз.
* Ешқашан ешкімге ұрыспаңыз, талғамын талқыға салмаңыз.
* Күлімсіреп ұйықтаңыз.
* Достарыңызды туған күнімен құттықтауды ұмытып кетпеңіз.
* Құдайға ғана құлшылық қылыңыз.
* Түкке тұрғысыз адамдарға уақытыңызды құртпаңыз.
* Тума-туыс, ағайын-бауырларыңызға сыйлық жасаудан жалықпаңыз.
* Ата-анаңызға жиі хабарласып тұрыңыз.
* Өмір курорт емес екенін естен шығармаңыз.
* Күлкіге қалам деп қорықпаңыз.
* Ғашығыңызды ойлаңыз.
* Білгеніңізді білмегендерге үйретіңіз.
* Сақал өсірсеңіз қырынып, жоқ болса өсіріп көріңіз.
* Күні-түні теледидар қарамаңыз.
* Өзгелердің өзіңізге қамқор болуына мүмкіндік беріңіз.
* Қандай жағдай болса да, әділ шешім қабылдаңыз.
* Өзіңіз шын сүйетін адаммен ғана бірге болыңыз.
* Өлімнен қорықпаңыз, бірақ жақын адамдарыңызды жоғалтудан сақтаныңыз.
* Балаларды қатты жақсы көріңіз.
* Өз-өзіңізге сеніңіз.
* Ата-анаңыз бен дәрігерлерге ешқашан өтірік айтпаңыз.
* Жеңіле де біліңіз. Өйткені өмір тек жеңістен тұрмайды.
* Достарыңызды суретке түсіріңіз.
* Өзге адамдардың ойын сынамаңыз.
* Басқа адамдар жайлы теріс пікір айтпаңыз.
Петр Момоновтың бұл қағидалары сізге қашанда көмектесетініне кәміл сенімдіміз. Ең бастысы естен шығармаңыз.
Ж. Исакаев