Авторадионың «Біздің жұлдыздар» жобасында 2013 жылдың үздік әншісі ADAM деп танылды. Аталған жоба осымен екінші жыл қазақ әндерінің хит-шеруін жасауда.
Бұл жобаға "Жігіттер", "Ринго", "До-Мажор" топтары, Еркін Мәулен, Ерлан Орынбасаров, Асқар Жүнісбеков, Гүлхан Сіргебаева, Динара Сұлтан қатысқан екен. Жоба қазақ эстрадасына жаңадан келіп жатқан жастарға қолдау көрсетіп, ешбір ақысыз эфирге шығарумен айналысады.
«Бұл жоба алғашқылардың бірі болып Нұрлан Әлімжановтың әндерінің тұсауын кесті. Бірінші болып Серік Ибрагимов есімді жас жігітті де біз таныстырдық десек артық айтқандық болмас», - дейді «Авторадио» радиосының жүргізушісі Айжан Тілепова. Шоу-бизнеске қадам басқан ADAM-ды да алғашқы болып "жаңа есім" айдарында "Жол" деп аталатын әнімен таныстыған радио жас таланттарға демеу болуда.
Айжан Тілепова, «Авторадио» радиосының жүргізушісі:
- Қазіргі уақытта "Біздің жұлдыздар" жобасы тыңдармандар арасында сұранысқа ие. Бұлай дейтініміз, біріншіден, радиолар арасында өткізіліп отыратын рейтингте "Авторадио-Қазақстан" толқыны 3-орынды ұстап тұр. Ал, оның ішінде "Біздің жұлдыздар" хит-шеруі рейтинг тізіміне еніп, 4 орынға қол жеткізген болатын. Сондай-ақ, avtoradio.kz сайтындағы "Біздің жұлдыздар" айдарына кіру арқылы тыңдармандарымыз қызу пікір таластарын жазуда. Айта кетейік, "Авторадио-Қазақстан" толқынындағы хит-шеруімізге қатысу үшін біз әншілерден, продюссерлерден, шоу-бизнеске қадам басып келе жатқан орындауышлардан ешқандай ақша алмаймыз.
Айта кетелік, "Біздің жұлдыздар" жобасының қорытындысы бойынша, 2013 жылдың үздік әндері ретінде мына туындылар танылды:
Бүркіт пен Аиша. "Тәттімсің" әні.
Қайрат Нұртас, Әлішер Қайратұлы. "Алматы түні"
Нұрлан Әлімжанов. "Көзіңе қарай бердім"
Абай Бегей мен Берік. "Ай мүсін"
Жігіттер. "Келсеңші күнім" әні.
Айгүл Иманбаева. "Сен"
Кешью. "Қазақ қыздары"
Нұрбек Какетаев. "Барамын"
Жігер Ауыпбаев. "Хат жазып тұр"
"Жаңа есім" номинациясына ADAM лайық деп танылды.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com