- Негізгі бет
- Тұлға
- Атақтылар ережесі: Хью...
Атақтылар ережесі: Хью Джекман
Менен жиі қандай ерекше қабілетті қалайтынымды сұрайды. Бірақ, неге актер болуды қалайтыным ешкімді қызықтырған емес.
Мен тәуекелге бел буамын: «Иә» деген жауапты жиі айтамын. Өйткені, болашақта қорқыныштың кесірінен бас тартқанымды ойлап өкінгім келмейді.
«Оскар» иеленбегенім мен мазалаған емес. Бірақ, оның бар-жоғы бәрібір десем, өтірік болар еді. Өйткені, «Оскар» еңбегінді мойындаумен бірдей ғой.
Біз әркез айналамыздан көп нәрсе күтеміз: Бұл ешқашан толық қанағаттанбайтын тілегіміз ғана.
Мен сандармен доспын. Әрине, менен де жақсы адамдар бар. Бірақ, актерлер қатарында мен де үздіктердің қатарындамын.
Менің рөлдеріме маған дейін басқа адам ұсынылған болатын – бұл кино индустриясы.
Мен балаларымның суреттерін әлеуметтік желіде бөліспеймін. Өйткені, олар танымал бола ма, жоқ па оны өздері шешеді.
Менің балалық шағым ауыр өтті. Отбасыма деген ерекше ықылас, оларды қорғауға деген ұмтылыс содан туса керек.
Мен ғаламторда жазылған пікірлерді мүлде оқымаймын. Өйткені, оны қабалдай алмаймын. Оқығанымның ішінде тек жағымсыз пікірді жаттап алатын әдетім бар.
Адамдар маған бәрі оңай келді деп ойлайды. Оларды солай ойлауға итермелеу – менің жұмысым...
Т. Есқали